«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Текеліде газ блоктарын шығаратын кәсіпорын ашылды

2017 жылғы 12 Шілде
- Жетісу облысы
8279 просмотров

Зауыт алты адамды жұмыспен қамтып отыр 

Алматы облысындағы Текелі қаласы тағы бір өндірістік зауытпен толықты. Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалының қолдауы арқасында газ блоктарын шығаратын кәсіпорын ашылды. Жоба авторы, әрі бастамашысы бұған дейін ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеген Текелі тұрғыны Динара Ысқақова. 35 жастағы іскер әйел үшін бұл бірінші және табысты бизнес-жоба болып шықты. Олар екі жыл бұрын жұбайы екеуі отбасылық кәсіп ашу туралы шешім қабылдаған.

«2015 жылы біз «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алдық. Палата филиалы газ блоктарын дайындау жөнінде бизнес-жоспар әзірлеп, осы күнге дейін жобаны толығымен сүйемелдеп келеді. Кәсіпорынға 30 млн шамасында жеке қаражатты жұмсадық. Оңай болды деп айта алмаймын, бірақ, ойлағынымызды іске асыра алдық», - дейді Динара Ысқақова.

Ашылған зауыт - қалада газ блогын шығаратын жалғыз кәсіпорын. Өндіріс ресейлік құрал-жабдықта жүргізілгенімен, цемент, құм, аллюминий ұнтағы және тағы басқа қажетті заттардың барлығы жергілікті шикізаттан алынады. Құрылыс материлдарын түрлі көлем мен нысандағы ғимараттарды салуға пайдалануға болады. Жеке үйлерден бастап биік көпқабатты үйлерді, сауда және ойын-сауық орталықтарын салуға қолданылады.

«Күн сайын зауыт 32 куб метр материал шығарады. Алғашқы өнімдер жеке үйлердің құрылысына пайдаланылуда. Тұтунушылар өнімнің сапасы мен бағасына дән риза», - деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов.

Қазіргі таңда зауытта арнайы оқытудан өткен алты маман жұмыс істейді. Кәсіпорын басшысы алдағы уақытта өндірісті кеңейту мен өнім өткізу  нарығын табуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Текеліде жалпы саны 26 өндірісітк кәсіпорын бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер