«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысына италиялықтар келді

2017 жылғы 06 Сәуір
- Жетісу облысы
8301 просмотров

Еуропа бизнесмендері өңірдегі бизнес-жобаларды жүзеге асыруға ниетті

Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар өкілдері жобалардың кейбір бөліктері мен екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін Италиялық кәсіпкерлермен бірлесе талқыланды. Прокуратура өкілдері еуропалық бизнесмендерге бизнестің құқығы мен мүддесін қорғауда атқарылған жұмыс жайында бөлісті.

Делегация құрамында Италияның «Carmet», «Brio», «Longo», «Infortrade Srls», «Infortrade» сынды ірі компанияларының бірінші басшылары болды. Еуропалық кәсіпкерлер Алматы облысына кездейсоқ келмеген. Өңір логистика мен транспорттық магистраль үшін өте ыңғайлы.

«Италиялық делегация Қазақстанның экономикадағы табыстарына, Астананың қарқынды дамуына таңдай қақты. Әр компания – өз саласының үздігі, сондықтан әрбір қадам ойластырылған. Алматы облысының дамуынан үлкен мүмкіндікерді аңғарып отыр. Әрине, жылдам нәтиже болады деп ешкім айтпайды. Сондықтан, ынтмақтастықтың алғашқы қадамы жасалды», – дейді Баймұхамбетов.

Өңір басшысымен кездесуде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экономиканың басым бағыттарына кеңірек тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде Алматы облысында экспортқа бағытталған 30 компания бар, 100 елмен экономикалық байланыс орнатылған.

«Инвестиция тарту – мемлекет басшысы қойған маңызды тапсырмалардың бірі. Жергілікті атқарушы орган ретінде өз тарапымыздан қолдау білдіруге, межелі нәтижеге жетуге жәрдемдесуге дайынбыз», – деп атап өткен Ләззат Тұрлашев басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Longo компаниясының экспорт жөніндегі менеджері Нотаргенджело Винчензо металлургия саласында ынтымақтастықты қарастыруға дайын екенін жеткізді.

«Бүгінде металлургия саласында мүлдем басқа міндеттер тұр. Көне технология мен тәсілдерді қолдану жарамайды. Сондықтан, сіздердің өңірлеріңіздегі осы саланың жағдайы қызықтырады. Біз металл сатып алып, қайта өңдеуге дайынбыз», – деді кәсіпорын.

Сонымен қатар Longo компаниясының бас директоры Вито Лонго экологиялық бизнесі саласында бірлесе жұмыс істеуді ұсынды. Компания шассиге, ағын суларды сорып алуға қондырғы орнатуда, құбыр желісі мен құбырларды гидродинамикалық тазарту үшін сорғыш ұнтақтарды, қатты заттар мен зиянды шығындарды тасымалдау үшін жабдық шығаруда әлем елдерінің арасында үздік деп саналады. Мысалы, бүгінде Longo Белград қаласына қызмет көрсетеді, қаланың тазалығы үшін жауап береді.

Сонымен қатар, аз уақытта облыс аумағында жел электростанциялары орнатылуы мүмкін. Carmet компаниясының бас директоры Джованни Пуглиес фотоэлектрлік және жел станцияларының құрылысы бойынша жемісті ынтымақтастыққа үміт артып отыр. Инженерлік компания күн сәулесінің батареяларын шығарумен әрі орнатумен айналысады. Ал Brio ішкиім шығаратын компанияның бас директоры Сабино Катерино өз кәсіпорынынң сауда нүктелерін ашуға неитті. Оның айтуынша, Алматы облысы бизнес жүргізуге әрі дамытуға ығайлы өңір.

«Алматы облысы арқылы біз Қытай мен өзге елдердің нарығына шыға аламыз. Нағыз сапалы өнім ұсынамыз. Біз мұнда кәсіпорын салып қана қоймай, мамандарды дайындауға, тәжірибе алмасуға дайынбыз. Біз көмектесуге келдік», – дейді Катерино.

Алматы облысы Өңірлік даму орталығының басшысы Қуаныш Қадіров облыстың инвестициялық мүмкіндіктері мен іскерлік ахуалы жайлы хабардар етіп, кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берді. Оның айтуынша, италиялық компаниялардың бірі ет комбинатын ашуға ықылас танытқан.

«Бізге шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлерді өңірге, аудандарға жиі шақырып, жергілікті кәсіпкерлермен, мемлекеттік органдар өкілдерімен, билік тарапымен таныстыру маңызды. Олар біздегі бизнес-ахуалдың, мүмкіндіктер мен әлеуметтің қандай деңгейде екенін өз көздерімен көрулері керек. Кәсіпкерлер палатасы ретінде жобаларды қолдап, бизнес пен әкімдіктер раасындағы бизнес-диалогты орната береміз», – деді Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Лаззат Чинкисбаева.

Сонымен қатар, кездесу аясында италиялық кәсіпкерлер «Талдықорған» индустриялық аймағының, Текелі тау-кен өндіру зауытының жұмысымен танысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер