«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесте түзеу мекемелерін жұмыспен қамту мүмкіндігі бар

2017 жылғы 20 Ақпан
- Жетісу облысы
5821 просмотров

Кәсіпкерлер «Колонияларда жұмыспен қамту–2017» жобасы аясында кәсіпорынға арзан жұмыс күшін тарта алады

Кәсіпкерлер палатасы бөлімшелері директорларының аудандарды жыл сайын аралау қорытындысы мен есебі Іле ауданының Өңірлік кеңесінің көшпелі отырысында жарияланды. Бизнес-қауымдастықтың алдында Кәсіпкерлер палатасы бөлімшелерінің еңбегі «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп бағаланған 17 директоры есеп берді. Өңірлік кеңес төрайымы Римма Салықованың айтуынша, аудандарды аралау қорытындысы бойынша филиалдардың жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдармен бірқатар мәселелері анықталған.  

«Бұл жылды аудандар жылы деп хабарладық. Сондықтан, Өңірлік кеңес мүшелерімен бірге бүкіл аудандарды аралап, бөлімшелер директорларының есебін тыңдадық. Байқағанымыздай, жыл өткен сайын биліктің бизнеске деген қарым-қатынасы өзгеріп келеді, аймақтарда «Атамекеннің» абыройы артып келеді. Прокуратура органдар Палатаның, оның бөлімшелерінің стратегиялық серіктесіне айналды. Алайда, барлық аудандардағы әкімдіктермен, прокуратурамен бірлескен жұмыс лайықты деңгейде орнатылмаған, сондықтан, құрылған кәсіпкерлердің аудандық кеңестері тиімді байланысты орнату үшін белсенділік танытулары керек», – дейді Римма Салықова. Сондай-ақ оның айтуынша, бөлімшелер жетекшілері үшін қызметтерін жақсарту мақсатында оқу семинарларын өткізу қажет.

Көшпелі отырыста Өңірлік кеңес мүшесі мен Іле аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы Жанна Телпекбаева аймақтағы бизнес пен жергілікті атқару комитетінің сәтті ынтымақтастығы туралы хабарлады.

«Біздің ауданда Кәсіпкерлер қауымдастығы 16 жыл жұмыс істеп келеді, осы жылдар ішінде барлық мемлекеттік органдармен меморандумға қол қойды. Бұл құжаттың аясында жұмыс жоспары бекітілген. Біздің өкілдерімен әрбір ауылдық округте бар, бұл барлық бизнес қоғамдастығын қамтуға және түйткілді мәселелерді жедел қарауға мүмкіндік береді. Сондықтан да аудан әкімдігінің, мемлекеттік органдарының бизнеске деген көзқарасы ерекше», – деп атап өтті кәсіпкер.

Жанна Телпекбаеваның сөзін Іле ауданының әкімі Серікжан Ерекешов дәлелдеп, Кәсіпкерлер палатасын бірлескен жұмыс жалғасын табатындығын жеткізді.

«Кәсіпкерлер палатасы құрылғаннан бері бірлескен жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді азайту, кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша жұмыстар жүзеге асырылды. Біз келешекте де бизнесті дамыту үшін қызметімізді жалғастыратын боламыз», – деп атап өтті әкімнің орынбасары. Оның айтуынша, ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жылдан жылға жоғарылап келеді. Былтыр өндірістік өнім шығару 212,5 млрд теңгені құрады. Инвестиция көліміндегі негізгі капитал 54 морд теңге болса, оның 80% жеке меншік инвестицияның үлесі.

Ал құқық қорғау органдарының өкілдері бизнес тарабын түрме реформасын іскер асыруға шақырды. «Колонияларда жұмыспен қамту–2017» жобасы аясында бизнесмендер кәсіпорын үшін арзан жұмыс күшін тарта алады.

«Былтырғы жылы еңбекке жарамды түрғындар арасында сотталған азаматтардың жұмысқа орналасуын 64% жеткіздік. Колонияларда металдан, бетоннан жасалған заттарды дайындап, кәсіпорынды ұйымдастыруға көмек көрсетуге дайын. Мысалы, «Стинерджи» компаниясы бізге шикізат жеткізіп, дайын корнштейндерді алады. Олар бізге қызмет үшін ақы төлейді, яғни коммуналдық қызметке, салық және еңбекақы аударады», – деп атап өтті түзеу мекемесінің өкілдері.

Жобаға сәйкес арнайы орындар бар, сондықтан кәсіпкерлерге жаңа орын тұрғызып қажеті жоқ. Жабдықтарды орналастырып, жұмысшыларға тапсырма берсе болғаны. Өнімдердің сапасы жақсы, ал ауданды Ұлттық гвардия сарбаздары күзетеді. Алайда, бизнес өкілдерінің пікірінше, өнімді дайындаудың мерзімімен қиындықтар туындауы мүмкін, себебі өнім тез дайындалу керек, ал жұмыс орны күндікз ғана емес, түнде де жұмыс істеуі керек.

Қатысушылардың сөзінен кейін Іле ауданы кәсіпкерлері облыстық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік органдардың өкілдеріне сауалдар қойып, ұсыныстарын жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер