«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

КАРНЕТ АТА-ның ұтымдылығы қандай?

2017 жылғы 09 Ақпан
14469 просмотров

Астанада осы жылдың 2-3 наурызында ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің оқу-әдістемелік орталығы Қазақстанның сыртқы сауда палатасымен және ЕЫҚҰ бағдарламасы кеңесімен бірлесіп, Карнет АТА процедурасын тәжірибелік қолдану жөнінде семинар өткізеді

Семинар мақсаты ­– Карнет АТА процедурасын зерделеу, кедендік құжаттаманы толтыру тәртібін, тауарды әкелуде/шығаруда оның тәжірибелік қолданылуын  түсіндіру.

Іс-шара жұмысына Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы кеден қызметінің, РФ мен БР сауда-өнідіріс палаталарының, ҚР мемлекеттік кіріс органдарының аймақтық бөлімдері өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бизнес-қоғамдастығы қатысады деп күтілуде.

Семинар 2017 жылы 2-3 наурызда Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, ҚР ҚМ МКК акт залында өтеді.

Қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды қатысуға шақырамыз.

Қызықтырған жағдайда, кандидатураларды осы жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей, электронды почтаға бекітілген формаға сәйкес (2-қосымша) жолдауларыңызды сұраймыз: n.sukurov@palata.kz

Анықтама телефоны: 8(7172) 279055 (ішкі нөмір-211).

Карнет АТА-ға қысқаша шолу

Карнет АТА­ кедендік декларация деп танылатын, тауарды бажсыз әкелуге, сондай-ақ әкелінетін тауарларды уақытша теңдестіруге мүмкіндік беретін және әкелінетін кедендік бажды, салық пен алымды төлеу бойынша қолданыстағы қаржылық кепілдіктің халықаралық үндеуіне кіргізілген халықаралық стандартты кедендік құжат.

Уақытша әкелу процедураларын барынша азайтуды және тауарларды аз кідіріспен кедергісіз орын ауыстыруын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ кедендік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Карнет АТА негізгі 5 элементтен тұрады – барлық жүйе негізделетін базалық қағидалар:

- уақытша жеткізілетін елде ұлттық кедендік құжаттарды рәсімдеудің қажеттілігін жою;

- тауарлар жөнелтетін мемлекеттен рәсімдеуге қабылданған Карнет АТА-мен сүйемелдену және жөнелту, бекіту және транзит мемлекеттерінде бақылау құжаты қызметін атқаруы керек;

- төленбеу қаупі бар кедендік баж бен салық төлемі халықаралық кепілдікпен қамтамасыз етілуі тиіс;

-  кепілді беретін ұлттық мекемелерден (сауада палаталарынан) тұратын және Дүниежүзілік палаталар федерациясы бақылайтын халықаралық кепілдік беретін жүйе құру.

Сауда қатысушылары үшін уақытша әкелудің халықаралық (Карнет АТА) немесе ұлттық (уақытша әкелуге кедендік декларация) тәртібін таңдау еркіндігі қағидасы. 

АТА жүйесі беретін тәжірибелік артықшылықтардан қатысушы тараптардың барлығы ұтады.

Уақытша әкелімде талап етілетін ұлттық кедендік декларациясын алмастыра отырып, Карнет АТА кедендік шекараны өткен сайын декларация рәсімдеу қажеттілігін жояды. Бұл кеденде де, Карнет АТА иеленушілеріне де кеден декларациясын рәсімдеуге кететін уақыт пен қаржы шығынын азайтады. Карнет АТА берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамдылық мерзімі де сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары үшін маңызды. 

Карнет АТА процедурасымен келесідей тауар түрлері өткізіледі:

  • көрсетуге немесе көрмелерде, жәрмеңкелерде, конференцияларда немесе соған ұқсас іс-шараларда қолданылатын тауарлар;
  • кәсіби жабдық;
  • контейнерлер, тұғырықтар, қаптамалар, үлгілер;
  • өндірістік процеспен байланысты әкелінетін тауарлар;
  • білім, ғылым немесе мәдени мақсаттар үшін әкелінетін тауарлар;
  • туристердің жеке заттары мен спортпен шұғылдану мақсатында әкелінетін тауарлары;
  • және тағы басқалар, сол сияқтылар

2-қосымша

Семинарға қатысу үшін өтініш беру формасы

Аты-жөні

Лауазымы, Мекеме

Байланыс мәліметтері (е-майл; жұмыс және мобильді телефон нөмірі)

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер