«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан аккумуляторлары – Африкада

2017 жылғы 26 Қаңтар
- Жетісу облысы
10817 просмотров

«Қайнар-АКБ» кәсіпорны өз өнімдерін Бенин Республикасына жеткізуді бастады

Еліміздегі аккумулятор құрастыратын жалғыз кәсіпорын – «Қайнар-АКБ» жаңа кезеңге аяқ басты. Компания «BARS Asia» аккумуляторларының алғашқы партиясын Африка құрлығына жеткізді. Қазір қазақстандық аккумуляторларды Бенин Республикасында сынақтан өткізіп жатыр. «Қайнар-АКБ» Бениндегі дүкендер желісімен серіктестік орнатқан, «BARS Asia» маркасының батареялары осы дүкендер арқылы сатылмақ.

«Африка тұрғындары қазақстандық кәсіпорын құрастырған аккумуляторлардың сапасын жоғары бағалады.  «Қайнар-АКБ» енді Африка нарығына «тастай батып, судай сіңуді» мақсат етіп отыр», – дейді компанияның бақылаушы кеңес төрағасы Қуаныш Әжмағанбетов.

Өткен жылы «Қайнар-АКБ» 1 млн 884 мың аккумулятор құрастырып, Қазақстан нарығының 90%-ын отандық аккумуляторлармен қамтамасыз еткен. «Kainar» және «Bars» аккумуляторларына ребрендинг жасалып, олар Қытайға жеткізіле бастады. Жақын арада кәсіпорын Еуропа нарығына шығуды жоспарлап отыр. Бұған дейін Польша Республикасымен сауда келісімін жасаған болатын. Қазіргі таңда аккумулятор зауыты өнімдерінің көп бөлігі ТМД мен алыс-жақын елдерге сатылады. «Қайнар-АКБ» өнімдері еуропалық, ресейлік, жапониялық стандарттарға да сәйкес келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «Қайнар-АКБ» еліміздің үздік экспорттаушыларына берілетін «Ұлы дала елі» брендін жеңіп алған еді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер