«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерді 2017 жылы не күтіп тұр?

2017 жылғы 04 Қаңтар
- Жетісу облысы
6471 просмотров

Алматы облысының Бухгалтерлер клубында заңнамадағы жаңалықтар сөз болды

Клубтың үшінші жиынына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, салық және кедендік заңнамалардағы өзгерістер, электронды шот-фактуралар мәселелелері арқау болды.

Клубтың модераторы, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Анар Қалабаева қабылданған түзетулерге сәйкес, мемлекеттің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу мерзімі 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылғанын айтып өтті.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары жеке табыс салығы мен ұжымдық табыс салығы шегерімдеріне жатқызылатын болады. Зейнетақы аударымдарынан бөлек, денсаулық сақтауға аударымдар жасалады», – деді Анар Қалабаева.

Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Жанболат Өксікбаев Салық кодексінің 67, 162, 364-баптарында Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік  салық бойынша декларация нысаны (200.00 нысаны) мен Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация нысанын (210.00 нысаны) біріктіру қарастырылғанын айтты. Сондай-ақ алкогольдік өнімдер мен темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемелері кезең-кезеңімен өсетін болады.

«Биылдан бастап шипажай ұйымдарының жер асты қойнауларын пайдаланушылары өндірген жерасты суларына бектілген мөлшерлемелер арзандатылды. Егер бұрын мөлшерлеме 1 АЕК шамасында болса, қазір бұл көрсеткіш 0,003 АЕК-ке тең. Естеріңізге сала кетейік, тарифті арзандату туралы алғаш болып біздің өңірдің кәсіпкерлері мәселе көтерген еді. ҰКП ұсыныстары мен талқылаулардан соң, Мәжіліс бұл түзетуді мақұлдады», – деп атап өтті Жанболат Өксікбаев.

Ол, сондай-ақ, Салық кодексінің 427-бабының 2-1 тармақшасын енгізу келесі жылға қалдырылғанын айтып өтті. Оған сәйкес, арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша, салықты есептеу және ұстап қалу (ай сайын), көпшілік мақұлдаған тәртіпте салық есебін беру (тоқсан сайын) және оны төлеу (ай сайын) бойынша салық агентінің міндеттемелерін орындаулары тиіс.

«438-бап 2018 жылға қалдырылды. Ол бойынша арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес көпшілік мақұлдаған тәртіпте ай сайын әлеуметтік төлемдер төлеу бойынша агенттің міндеттемелерін орындауы тиіс», – деді Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі.

Бухгалтерлерге салық төлеушілерді салық органдарына тіркеу, аудит, тексеріс нәтижелері туралы ескертулер мен (немесе) заң бұзушылықтарды жою туралы ескертпелерге байланысты шағымдарды қарау мәселелеріне қатысты өзгерістер де таныстырылды.

Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау бөлімінің басшысы Ғабит Оразов тауарларды жеткізуді жеделдету және сыртқы экономикалық әрекеттерге қатысушыларды шығынға ұшыратпау мақсатында Кодекстің 319-бабы бойынша қандай да бір елдімекеннің әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан келу орнынан уақытша сақтау орнына дейін, мысалы әуежайдан уақытша сақтау қоймасына дейін тасымалданатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзит қолданылмайтындығын айтты. 

Кездесу соңында мемлекеттік кірістер департаменті үшінші елдердің және Кеден одағының импортын әкімшілендіру бөлімінің басшысы Жеңіс Ердәулетұлы электронды шот-фактуралардағы кейбір ерекшеліктерге тоқталып өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер