«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

3 жыл тексеріске алаңдамайды

2016 жылғы 30 Желтоқсан
- Жетісу облысы
6138 просмотров

Алты компания Сенім сертификатына ие болды

2013 жылдың қыркүйек айында жұмыс берушілер арасында жұмысшылардың еңбек құқын сақтауды жүзеге асыру қызметін ерікті түрде декларациялау жөнінде пилоттық жоба басталған еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастаған жобаға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы қолдау көрсетті. Қазіргі уақытта бұл жоба Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, және Павлодар облыстарында іске асып жатыр. Жобаға әр кәсіпорын өз ықтиярымен қатысады. Олар өздерінің әлеуметтік жоспарлары өміршең екенін, жұмысшылардың құқын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындап отырғанын дәлелдеу керек. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, оларға Сенім сертификаты беріледі. Бұл құжаттың басты артықшылығы – кәсіпорын 3 жыл бойы еңбек инспекциясының еңбек заңнамасын сақтауға қатысты тексерістерінен босатылады. Жыл басынан бері Алматы облысындағы «ТК-Метакон» ЖШС мен «Казстрой ЛТД» ЖШС Сенім сертификаттарына ие болды.

Жаңа жыл қарсаңында Кәсіпкерлер палатасында 6 кәсіпорынға Сенім сертификаттары табыс етілді. Олар: «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС, «Ақсу ГЭС» ЖШС, «Сеюк» ЖШС, «Фирма Тамерлан» ЖШС, «Солодовенный завод Суффле Казахстан» ЖШС және «Электросервис» ЖШС. Енді бұл компанияларға да тексерістер жүргізілмейді.

Еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын қадағалау жөніндегі бөлім басшысы Болат Данияровтың айтуынша, бұл сертификат сапа белгісін білдіреді. «Еңбекті қорғау және оның қауіпсіздігі жұмысшылардың кәсіби еңбек жолындағы қабілетін сақтаумен тікелей байланысты. Айрықша атап өту керек, биыл облыстардағы бірде-бір кәсіпорынның жұмысшылар алдында қарызы жоқ және ешқандай еңбек дауы да орын алмаған. Бұл тек компаниялардың емес, бүкіл өңірдің жетістігі. Кәсіпкерлер жұмысшыларға қамқорлық танытып отыр», – дейді Болат Данияров.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасы Адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаеваның сөзінше, кәсіпкерлердің Сертификатқа ие болуы олардың қызметіне берілген оң баға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдар тарапынан артылған сенім. Алмагүл Оңғарбаева Сертификат иесі атанған кәсіпорындардың өкілдеріне алғыс айтып, олардың жұмысына табыс тіледі.

Естеріңізге салай кетейік, 2013 жылдан бері Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма мен Кәсіпкерлер палатасы 16 компанияға Сенім сертификатын табыс етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер