«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жас кәсіпкерлер тың идеяларын таныстырды

2016 жылғы 15 Желтоқсан
- Жетісу облысы
9242 просмотров

Талдықорғанда Жас кәсіпкерлер мектебіне қатысушылардың үздік жобалары іріктелді

Кәсіпкерлер палатасында «Жас кәсіпкер мектебі» аясында «Идеялар жәрмеңкесі» байқауы өтті. Жоба өңірде 31 қазан күні басталған еді. Оған 40 адам қатысып, бизнес жүргізудің заңдық, экономикалық және әлеуметтік қырларын, маркетинг пен менеджментті, сондай-ақ бизнес-жоспар құруды оқып шықты. Курсты тәмамдағандарға бес күндік оқу курсынан өткендігі туралы сертификаттар табысталды.

«Идеялар жәрмеңкесі» байқауына 5 бизнес-идея іріктеліп алынды. Қатысушылар пайдалы тағам кафесін, балалар киімдері өндірісін, әйелдер мен ер адамдардың киімдерін тігетін тігін цехын, ұлттық сүт өнімдері өндірісін және асүйге арналған тұрмыстық раковиналар өндірісін таныстырды. Бизнес-жоспарларларды арнайы комиссия бағалады. Оның құрамына кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, жастар саясаты жөніндегі басқарманың, «Даму» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Банк ВТБ» АҚ мен «Сбербанк России» АҚ еншілес ұйымдары өңірлік филиалдарының және Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді. Сарапшылардың сұрақтары мен ескертпелері бизнес-жоспарды құру сапасына, болашақ жобаның тиімділігіне, қаржылық шығындарына, менеджменті мен маркетингіне қатысты болды.

Кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Ерлан Датқаев оқуға және осы байқауға қатысу өз мүмкіндіктерін бағалауға сеп болатындығын атап өтті. Комиссия мүшелерінің кәсіби баға беруінің арқасында жас кәсіпкерлер өздерінің қателіктерін біліп, түзете алады.

Байқау қорытындысы бойынша екі үздік жоба таңдалды. Олар енді мемлекеттік бағдарламалар аясында гранттар мен басқа да қаржылай көмектер алуға ұсынылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер