«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіби шеберлікке берілген баға

2016 жылғы 15 Желтоқсан
- Жетісу облысы
7157 просмотров

Өңірлік бизнес өкілдері марапатталды

Алматы облысы активінің салтанатты жиынында өңір басшысы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына алғыс білдіріп, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін табыс етті. Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева, директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Қанат Қабдиев, адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева және жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Әйгерім Маймақова мерейтойлық медальдармен марапатталды. ӨКП басшысы бұл марапат үлкен кәсіби топтың, яғни мүддесі бір арнада тоғысқан адамдардың жұмысына берілген баға екенін атап өтті.

Осындай медальмен Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрайымы Алма Салықова, Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Баниямин Файзулин мен «Қайнар-АКБ» ЖШС бас директоры Серікбай Әжмағанбетовтер де марапатталды. Текелі қаласының әкімдігінде мерейтойлық медаль Кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділовке табыс етілді.

«Аты аңызға айналған 25 кәсіпкер» атты эксклюзивті кітаптың кейіпкері, Ескелді ауданы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әбен Тайжанов белсенді қоғамдық қызметі мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл жоғары марапатты өңір басшысы Талдықорғанда өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған форум барысында табыс етті. Сондай-ақ Өңірлік кеңестің мүшесі, «Дана» жекеменшік мектебінің директоры Күләнда Батырбекова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы өңірдің кәсіпкерлік қауымдастығы өкілдерінің еңбегін атаусыз қалдырған жоқ. Мәселен, Өңірлік кеңестің мүшесі, «Dinara-Ranch» агрофирмасы ЖШС бас директоры Бақыт Атайбеков «Атамекен» ҰКП-ның ІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалімен, ал «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС президенті Марат Баққұлов кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесі және сапа саласында жеткен жетістігі үшін арнайы «Сапа үздігі» дипломымен марапатталды.

Облыстық прокуратураның қызметкерлері 1-басқарманың басшысы Сәбит Шымбеков пен 1-басқарманың прокуроры Данияр Мұқияев «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтің Алғыс хатымен марапатталды. Ұлттық палата прокуратура органдарының кәсібилігін, таңдаған істеріне адалдығын, кәсіпкерлік қауымдастығын басқаруға және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан маңызды үлесіне тиісті бағасын берді. Бұл құрметті марапатты Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Қанат Қабдиев пен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестік төрағасы Баниямин Файзулин табыс етті.

Қанат Қабдиев өзінің құттықтау сөзінде тығыз қарым-қатынас пен тізе қоса отырып, жедел қимылдаудың арқасында кәсіпкерлердің көптеген түйіткілді мәселелері шешілгендігін атап өтті. «Прокуратура мен Кәсіпкерлер палатасының өзара қарым-қатынасын «Атамекен» ҰКП-ның басшылығы да жоғары бағалайды әрі біздің тандемді басқа өңірлерге мысал ретінде келтіреді», – деп сөзін жалғады ол. Кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін «Берикап Қазақстан» ЖШС директоры Өмір Тәңрікұлы мен «Kerneu Limited» ЖШС директоры Медет Бәриев Құрмет грамоталарымен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер