«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сүт фермасын Олимпиада чемпионы ашып берді

2016 жылғы 02 Желтоқсан
- Жетісу облысы
8626 просмотров

Қаратал ауданында сүт-тауарлы фермасы ашылды

Кәсіпкер Сәбит Ахметов көптен бері сүт өнімдері кешенін ашуды жоспарлап жүрген. Бірақ кедергілер көп болып, іс бастау кейінге қалып келген еді. Бұрын кәсіпкер егін егумен айналысып, біраз жетістікке жеткен. Былтыр ескі кешеннің орнына сүт-өнімдері фермасының құрылысын бастап кетеді. «Тастөбе АгроФуд» ЖШС кешенін ашу ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр. Салтанатты ашылу шарасына танымал кәсіпкер, Олимпиада жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, аудан әкімі Қайрат Бисембаев, бизнес-қауымдастықтың өкілдері және Қаратал ауданының тұрғындары келді.  

«Біздің ауданның ауа райы түрлі дақылдар өсіруге және мал шаруашылығын жүргізуге аса ыңғайлы. Күдік-күмәнім көп еді, дегеніме жетем бе, жоқ па деп ұзақ ойландым. Бірақ 2015 жылы 90 бас ірі қара әкелдім. Биыл тағы 120 бас ірі қара сатып алдым. Енді мал басын 1500-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді кәсіпкер.

Айтпақшы, сиырлар симменталды тұқымнан. Альпі тауынан жеткізілген ірі қара малы өте ірі болып саналады, күтімі жақсы болса, 2 жылдан кейін салмағы 600 келіге дейін жетеді. Симментал бұқалар жақсы күтімнен кейін, 1 тоннаға дейін салмақ қосады екен. Бүгінгі таңда швейцар сиырлары тәулігіне 1,5 тонна сүт беріп жатыр. Сәбит Ахметовтің жоспарында – өндірісті 8 тонна сүт өндіруге дейін жеткізу. Сүтті өткізу мәселесі де баяғыдан шешіліп қойған. Барлық сүт «Үштөбе Айдын» ЖШС жіберіледі, олар сүт пен сүт өнімдерін шығарумен айналысады. Сүт өндіруден өңірлік көшбасшы атанған өндіріс енді ассортимент санын көбейтіп, тауар сапасын арттырмақ.

«Сүт кешенінің ашылуы – аудан үшін өте пайдалы. Кешендегі мал жоғары өнімділігімен ерекшеленеді, олардың күтімі де жоғары деңгейде, жаңа технологиялар енгізілген. Бүгінгі таңда фермада 50 адам жұмыс істейді, ары қарай кәсіпкер шаруашылығын 100 адамға дейін кеңейтпек. Былтыр құрылыс басталғалы біздің аудандық филиал қолдан келгенше көмектесіп, заңға қатысты барлық мәселелерін шешуге атсалысты», – дейді Кәсіпкерлер палатасы Қаратал аудандық филиалының директоры Марат Құсайынов.

Биылғы жылдың басында Қарасай ауданында жоғары өнімді 700 бас ірі қара малы бар сүт-тауарлы фермасы мен озыө технологиялардың арқасында жылына 5 мың тонна сүт өңдейтін «Медеу Коммерц» ЖШС сүт өңдеуші цехы ашылды.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер