«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жақсы ауданындағы жақсылық

2016 жылғы 21 Қараша
- Жетісу облысы
7950 просмотров

Жақсы ауылында Өңірлік палата филиалының қолдауымен «Айдана» сауда үйі ашылды

Бұл ең алғашқы кең сипаттағы супермаркет болып тұр: мұнда заманауи құрал-жабдықтар орнатылған, азық-түлік таситын арбалар мен зат сақтайтын камералар бар. Таңдау мол: тек қана азық-түлік емес, киім-кешек, ыдыс-аяқ, құрылыс және тұрмыстық жабдықтары, өсімдік шаруашылығына қажетті дүниелер толып тұр, тұтынушыларға барлық жағдай жасалған.

Дүкеннің ашылу тарихы келесідей. 2015 жылы Өңірлік кәсіпкер палатасы филиалына жеке кәсіпкер Ольга Хажбатырова келіп, тауар тасымалдауға қажет техника сатып алу үшін, «Айдана» сауда үйін жөндеуден өткізіп, оны супермаркетке айналдыру үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алуға көмектесуін сұрайды.

Бизнесвумен техника мен құрылыс заттарын сатып алады, бірақ девальвацияның кесірінен қаржысы жетпей, бастаған ісін аяқтап үлгермейді.

Ол қайтадан  Палата сарапшыларынан көмек сұрайды, олар сараптама жасап, қайтадан несие алуға құжаттарын түзеп береді. Кәсіпкер несиеге қол жеткізеді, нәтижесінде – көп күндік еңбегі жаңа нысанды ашумен аяқталды, яғни жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджет кірісі көбейетін болды.

«Кәсіпкерлер палатасының қызметінің ең ұтымды бағыттарының бірі – жобаны сүйемелдеу. Жақсы ауданының кәсіпкерлері қолдауды қайдан алу керектігін жақсы біледі деп ойлаймын», – деді Палатаның жергілікті филиалының директоры Әсел Құсайынова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер