«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қателікті әдейі жіберді ме?

2016 жылғы 04 Қараша
- Жетісу облысы
6262 просмотров

Қағазда кеткен қателік кәсіпкердің беделіне нұқсан келтіре жаздады

Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің сарапшысы Айдар Қажымұқан «Промкомплект» компаниясының проблемасын зерттеп, оны шешуге көмектесті.

Оқиға ЖШС-ның Алматы қаласы Жетісу ауданындағы балабақшаға жалпы сомасы 9 млн 825 теңге болатын жөндеу жұмыстарын жүргізу конкурсына қатысуынан басталған. ЖШС басшылығы бұл сатып алуларға 8 800 000 теңгемен қатысу туралы шешім қабылдапты. Алайда баға ұсынысын беру кезінде қате кеткен. Компанияның мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджері 8 800 000 теңгенің орнына 800 000 теңге деп жазып жіберіпті. Олқылықты компания бірден анықтаған.

Бірақ, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңның 43-бабы 2-тармақшасына сәйкес, тапсырыс беруші шарт жобасын веб-портал арқылы жіберген, оған үш күнтізбелік күн ішінде электронды сандық қолтаңба қойылуы тиіс еді. Компания аталған жобаға электронды сандық қолтаңба қойған, өйткені оған қол қойылмаса, істі сотта қарамастан, компанияны автоматты түрде мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз қатысушысы тізіліміне енгізіп жіберетін еді.

800 мың теңгеге көрсетілген жұмыс түрлерін атқару мүмкін болмағандықтан, компания өз міндеттемелерін орындаудан бас тартты. Осыдан кейін Жетісу ауданы әкімдігінің аппараты кәсіпкердің үстінен сотқа талап арыз түсірген.

Соттың талқылауы кезінде Палатаның заңгері мемлекеттік органның талап арыз беру мерзімін жіберіп алғанын анықтады. Бұл компанияны қорғауда басты негіздердің бірі саналады. Заңға сәйкес, тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушінің заң бұзғандығы туралы деректі білген сәттен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірместен, әлеуетті жеткізушіні немесе жеткізушіні мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арыз беруі тиіс.

Істі қарағаннан кейін Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мемлекеттік органның талап арызынан толығымен бас тартты. Осылайша, компания жауапсыз жеткізушілер тізіліміне ілігіп кетуден аман қалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер