«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Алтын сапа» байқауына Алматы облысынан 8 компания қатысады

2016 жылғы 13 Қазан
- Жетісу облысы
8870 просмотров

Кәсіпорындар екі аталым бойынша бақ сынайды

Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы сараптау комиссиясы «Алтын сапа» ҚР Президентінің сыйлығынан үміткерлер мен республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалауды бастап кетті.

Кәсіпкерлер палатасының сертификаттау бөлімінің маманы Жанна Маратованың мәліметі бойынша, Алматы облысынан 8 компания «Алтын сапа» байқауына қатысуға өтініш білдірген.

«Алматы облысының кәсіпорындары екі аталым бойынша қатысады. «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «Метакон» ЖШС, «Қайнар АКБ» ЖШС, «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС бақ сынайды. «Халық  тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымын жеңіп алудан «Dolce» ЖШС, «Алматы матрац фабрикасы» ЖШС, «Тексан Қазақстан Инвест» ЖШС, «Амиран» Қазақ тағамтану зауыты» ЖШС және «Когер ЛТД» ЖШС үмітті», – деп атап өтті сарапшы.

Олардың ішінде «Жаркент крахмал зауыты», «Тексан Қазақстан Инвест», «Алматы матрац фабрикасы» байқауға алғаш рет қатысып отыр.

Мысалы, крахмал зауыты өндіріс саласында мол тәжірибеге ие. Кешен заманауи үлгідегі технологиямен салынған. Және де жоғары технологиялық құрылғыларды, заманауи материалдарды пайдаланады. Өндіріс 80% автоматтандырылған. Ол өз кезегінде өнімді нақты көмірсу құрамымен алуға және өнімнің өзіндік құнын түсіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ шикізат дербес егістік алқаптарында өсіріледі, сондай-ақ Алматы облысы Панфилов ауданындағы шаруа қожалықтарынан сатып алынады.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр «Алтын сапа» сыйлығының «Халық  тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымы бойынша бірінші орынды Алматы облысынан «Байсерке Агро» ЖШС жеңіп алған болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер