«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жобалау саласындағы жаңа кедергі

2016 жылғы 07 Қыркүйек
- Жетісу облысы
6468 просмотров

Кәсіпкерлер инженерлік-техникалық сала қызметкерлерін аттестациялау туралы заң нормаларымен келіспейді

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы» туралы Заңның жаңа ережелері бойынша жобалық ұйымдардан келіп түсетін арыздар саны артуда. Жаңа заң бойынша, құрылыс-жөндеу компаниялары енді штатта аттестациядан өткен қызметкерлерді қалдыруы тиіс, олай болмаған жағдайда мемлекеттік сатып алуларға қатысу құқығынан айырылмақ. Сондай-ақ, қызметкерлер тек бір мекемеде ғана қызмет етуі тиіс.

Алматы облысы Жобалау, жобалау-іздестіру қауымдастығының төрағасы  Александр Аникин жобалау саласындағы шағын және орта бизнес өкілдерінің пікіріне құлақ асуды ұсынып отыр. «Жұмысты үйлестірудегі жаңашылдықтарды дұрыс емес деп санаймын, сонымен бірге, ол жетекші мамандарға қатысты болмақ. Ал ауқымы тар мамандықтар туралы, мысалы, мұнай және газ инженері, байланыс инженері немесе электрші-инженер, олар туралы айтудың өзі артық. Шағын фирмалар жабылуға мәжбүр, не бірігуге тура келеді, қанша дегенмен, нарық қатысушалары азаяйын деп тұр, демек, бизнестің де жағдайы да төмендеп, жемқорлық деректері көбеюі қаупі төніп тұр», – деп атап өтті А.Аникин.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Айдар Қажымұқанның айтуынша, мұндай жағдай Атырау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында да орын алған. «Нормативтік-құқықтық актіні қолданысқа енгізу әкімшілік кедергіге әкеп соқты. Сондықтан, кәсіпкерлер қауымдастығы өзге мекемелерде жобалау және құрылыс процесіне қатысатын және аттестациядан өткен инженер-техникалық қызметкерлер жұмысын бірге үйлестіруге тыйым салу туралы түзетуді алып тастауға ұсыныс жасап отыр», – дейді маман. Аталған ұсыныс «Атамекен» ҰКП Қоғамдық бақылау және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментіне жолданып та үлгерген.

Ескере кетер жайт, заң бойынша, бүгінде құрылыс-жөндеу мекемелерінде аттестациядан бас инженер, өндірістік-техникалық бөлім басшысы, аумақ басшысы, лицензия жұмысындағы шеберлер мен прорабтар өтуі тиіс. Жобалау мекемелерінде біліктілігін жобаның бас инженері, лицензия жұмысы бойынша жетекші инженер-жобалаушылар растауы тиіс. Яғни, аттестациядан тек жетекшілік құрамға жататын өндіріс қызметкерлері өтуі шарт. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер