«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес-омбудсмен ұзаққа созылған дауды шешіп берді

2016 жылғы 02 Қыркүйек
- Жетісу облысы
12660 просмотров

Кәсіпкер енді Ұлттық компания тарапынан қағажу көрмейтін болды

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі өкіл Болат Палымбетовтың Алматы облысына жасаған сапарының арқасында кәсіпкерлердің бірқатар проблемалары тез әрі тиімді шешілді. «Дархан и К» ЖШС басшысы Дәрібек Қарабасов бизнес-омбудсменнің жеке қабылдауында болды.

Кәсіпкерлермен кездесу кезінде Болат Палымбетов бірде-бір шағым назардан тыс қалмайтынына және мәселелердің оңды шешілуіне қолдан келгенше қолдау көрсететініне сендірген болатын. Омбудсмен өз сөзінде тұрды. Оның қолдауының арқасында кәсіпкер мен Ұлттық компания арасындағы дау шешілді.

Бұл іс «Дархан и К» ЖШС-на тиесілі Талдықорған бекетіндегі №7  теміржолымен байланысты болған.  Теміржол «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның өзге де теміржолдарының жанында  орналасқандықтан, Ұлттық компания бұл жолды вагондарды жіберу және тазалау үшін қолдана бастаған. Бұл тұста Дәрібек Қарабасов бөгде мүлікті иемденгені үшін «ҚТЖ» АҚ-ны сотқа береді. Ұлттық компания болса, өз кезегінде, жер телімін сатып алу-сату шартын, құқық беру және сәйкестендіру құжаттарын жарамсыз деп тану үшін сотқа қарама-қарсы арыз жазады. 2012 жылғы мамыр айында Алматы облысы ауданаралық мамандандырылған соты істі Қарабасовтың пайдасына шешіп, ҚТЖ арызын қанағаттандырудан бас тартқан. Облыстық соттың апелляциялық төралқасы да бұл шешім оң деп табады. Алайда сот шешімі заңды күшіне енсе де, Қазақстан темір жолының филиалы аталған теміржолды пайдалануын қоймаған.

Дәрібек Қарабасовтың жолды баланстан шығару және заңсыз әрекеттерді доғару туралы өтініштерінен еш пайда келмеген. Кәсіпкер тіпті вагондарды жіберу және тазалау туралы келісімшарт жасасу ұсынысын да тастаған, бірақ оның бұл бастамасы да елеусіз қалған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Маминнің қабылдауына кіру тіптен мүмкін болмаған.

Бұл жағдай Болат Палымбетовтың араласуымен шешілді. Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі өкіл аппараты  «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-на жүгініп, нәтижесінде проблема шешімін тапты. Енді Ұлттық компанияның филиалы мен «Дархан и К»  №7 теміржолында вагондарды жіберу және тазалау бойынша келісімшартқа отырмақ.

Дәрібек Қарабасов Талдықорғанда өткен Кәсіпкерлер кеңесінің ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесу-жиында өз алғысын айтты. Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі бизнес-омбудсмен институтының тиімділігін атап өтті.

«Жеке қабылдау кезінде Болат Палымбетов мені мұқият тыңдап, хат жолдады. Мен мәселенің өз шешімін тапқанына қуаныштымын. Бұл аталған институттың қалыптасқанының және пайдалы екенінің айғағы», – деді кәсіпкер. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер