«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қапшағайлықтар көкейкесті мәселелерін ортаға салады

2016 жылғы 01 Қыркүйек
- Жетісу облысы
8686 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы Қапшағай филиалының директоры Алмагүл Қамбарова интернет-конференция өткізеді

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы қалалық «Бухта Қапшағай» порталымен бірлесе отырып, Кәсіпкерлер палатасының  Қапшағай қаласы филиалының директорымен интернет-конференция өткізетіні туралы хабарлайды. Бір ай бойы кез келген қолданушы бизнесті қорғау, әкімшілік кедергілер, дуальды білім, сервистік қызмет, қаржыға қолжетімділік және кәсіпкерліктің  өзге де өзекті мәселелері туралы сұрақ қоя алады. Сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушылары Палатаның қызметі туралы өз ұсыныстары мен ескертулерін жолдай алады.

Сауалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Сауалды жолдау үшін, келесі сілтемеге өту қажет: https://kapshagai.kz/forum/thread5741-1.html#5926. Сұрақтарды қабылдау мерзімі ашық. Жауап олардың түсу уақыты және жауап беру мүмкіндігіне қарай жолданатын болады. Барлық жауаптар қазанның 3 күні жарияланбақ.

«Интернет-конференция өткізудегі басты мақсат – әлеуметтік желі қолданушыларының пікілері мен ұсыныстарын білу. Аталған формат филиалға келіп жазбаша түрде өтініш қалдыруға уақыты тапшы кәсіпкерлер мен тұрғындарға өте қолайлы болмақ. Интернет байланысы бар кез келген қолданушы өзін мазалап жүрген көкейкесті сұрағын қоя алады. Интернет-портал күндіз де, түнде де жұмыс істейді. Сонымен қатар, интернет-конференция қапшағайлықтардың заңды жетілдіру үшін қажет пікірлері мен ұсыныстарын білдірудің бірден-бір мүмкіндігі», – деді филиал директоры Алмагүл Қамбарова.

Естеріңізге сала кетейік, пікір алмасудың аталған форматы Алматы облысының басқа да қалалары мен аудандарында да өткізіледі деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер