«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өзбек-қырғыз туроператорларының «пысықтығы»

2016 жылғы 12 Тамыз
- Жетісу облысы
6869 просмотров

Отандық туристік фирма басшыларының сөзіне сенсек, көрші елдерден келген туристік агенттіктердің өкілдері ұлттық саябақтарда заңсыз қызмет етіп жатыр

Егер бұған дейін елге туристерді тарту мәселесі туристік фирмаларға қиынға соқса, бүгінде, енді шетелден келген меймандарды тоқтату мәселесі туындап отыр. Бұған себеп, өзбек және қырғыз туристік фирмалары облыс аумағында белсенді түрде қызмет етіп, өз туристерімізден қағып отырған жайы бар. Осылайша, отандық бизнес біршама кірістен де құралақан қалуда. 

Осылайша, «Arnai tours»  ЖШС құрылтайшысы Әлия Жақыпқызы, осымен екі жыл қатарынан Ташкент пен Бішкектен келген операторлар Жетісудың ұлттық саябақтарында саяхат ұйымдастыратынын айтып отыр. Операторлар  заңға қайшы әрекет етсе де, олардың бұл әрекетіне ешкім тосқауыл бола алмауда.

«Туристік қызмет туралы» Заңның 23 бабына сәйкес, ҚР аумағында туроператорлық қызметті тек Қазақстан Республикасы азаматтары жүзеге асыра ала алады деп көрсетілген. Сонымен қатар, өзге елдің туристік компаниялары өкілдері мен саяхатты жүргізуші гидтер алыс және жақын шетелдерден келген туристер алдында Қазақстан туралы тарихи және жағрапиялық мәліметтерді бұрмалап береді, бұл өз кезегінде, елдің әлем қауымдастығы алдындағы беделіне нұқсан келтіруіне себеп болады», – дейді ол.

Туризм басқармасы бұл мәселе жайлы ақпараттан қанық бола тұра, оған араласуға құзыретті емес екенін алға тартып отыр. Себебі, басқарма заңның орындалуын қадағалауға жауап бермейді. Заң бойынша бұл міндет құқық қорғау органдарына, оның ішінде, көші-қон полициясына жүктелген. Туризм басқармасының жетекшісі Жанар Алшымбаеваның пікірінше, мәселені тез арада шешу үшін мемлекеттік органдар мен туристік операторлар жұмысын шоғырландырған абзал.

Көші-қон полияциясы мен прокуратура аталған мәселемен іс жүзінде кездеспегенін, алайда, шетелдік тұлғалар тарапынан заңға қайшы әрекеттер тіркелгені жөнінде нақты дәректер орын алып жатса, тиісті шаралар қолданылатынын айтуда. 

«Талқылаудан соң, Туризм басқармасы мен Алматы облысы ІІБ көші-қон полициясы АІІБ қызметкерлері мен учаскелік инспекторларға өз аудандары аумағында заңсыз туристік және саяхатшылық қызметті тоқтату жөнінде нұсқаулар береді. Сондай-ақ, ұлттық саябақтарға олардың аумақтарында заңсыз туристік және экскурсиялық қызметтің орын алғаны туралы және оларды жауапкершілікке тарту жөнінде ескертпе-хат жолданады», – деді жобаларды үйлестіру бөлімінің сарапшысы Әйгерім Шаймерденова.

Заңсыз қызмет етіп келген шетелдік саяхат жүргізуші гидтерді анықтау мақсатында, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер Палатасы бірлесіп, Алматы облысының ұлттық саябақтарында рейдтер жүргізбек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер