«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жиырмаға жуық Кәсіпкерлер кеңесі құрылды

2016 жылғы 11 Тамыз
- Жетісу облысы
9084 просмотров

Өңірлік кеңес аудандық (қалалық) кәсіпкерлер кеңестерінің құрамындағы үміткерлер тізімі мен ережелерін бекітті

ӨКП алаңында Алматы облысы бойынша Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Бірінші кезекте кәсіпкерлер Аудандық кеңестің (қалалық кеңес) ережелерін қарастырып, бекітті. Естеріңізге сала кетсек, 13 шілдеде Кәсіпкерлер палатасы аталған Кеңестің ережелерін түсіндіру мақсатында бизнес қауымдастықпен және жергілікті атқарушы органдармен кездесу ұйымдастырған болатын. Таныстыру жұмыстары Қапшағай, Текелі, Талдықорған қалаларының 16 ауданында өтті. Одан бөлек, бизнес-ортаны жақсарту бойынша кәсіпкерлердің ойлары мен ұсыныстары тыңдалып, құзырлы тараптар ҮИИДМБ және ШОБ нысандарын аралады.

Өңірлік кеңес жаңа органдарға үміткерлерді де бекітті. Болашақ Кеңес мүшелерін аудандық филиал директорлары ұсынды. Ережеге сай, Аудандық кеңесті (қалалық кеңес) сол ауданның (қаланың) Өңірлік Кеңес мүшелері басқаратын болады. Сонымен, Кәсіпкерлер кеңесінде Сарқан ауданы бойынша – 7 кәсіпкер, Кербұлақ ауданынан – 13 кәсіпкер, Ескелді ауданынан – 16 кәсіпкер, Көксу ауданынан – 13 кәсіпкер, Панфилов ауданынан – 26 кәсіпкер, Талғар ауданынан – 8 кәсіпкер, Іле ауданынан – 13 кәсіпкер, Жамбыл ауданынан – 16 кәсіпкер, Қарасай ауданынан – 12 кәсіпкер, Қаратал ауданынан – 17 кәсіпкер, Ұйғыр ауданынан – 11 кәсіпкер, Райымбек ауданынан – 8 кәсіпкер, Ақсу ауданынан – 8 кәсіпкер, Алакөл ауданынан – 24 кәсіпкер, Балқаш ауданынан – 13 кәсіпкер, Еңбекшіқазақ ауданынан – 13 кәсіпкер, Текелі қаласынан – 11 кәсіпкер, Қапшағай қаласынан – 7 кәсіпкер, Талдықорған қаласынан – 26 кәсіпкер бар.

Кеңес мүшелері арқылы ұйым құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ Аудандық (қалалық) кеңес жанынан мәселелерді шешу жұмыстары бойынша комиссия құру жоспарланып отыр.

Өңірлік кеңес мүшелерінің отырысында екі филиалдың директорларын қызметтен босату туралы келісіліп, Іле және Райымбек аудандық филиалының жаңа директорлары бекітілді.

Одан бөлек, биылғы жылдың І жартысы бойынша Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының бюджетті орындау жұмыстарына оң баға берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер