«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Талдықорғанда қойшыларға арналған семинар басталды

2016 жылғы 10 Тамыз
- Жетісу облысы
9743 просмотров

9-12 тамыз аралығында Талдықорғанда мал өсірушілерге арналған семинар өтеді

Шаруаларға арналған мұндай маңызды әрі пайдалы сабақтарды «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығы ұйымдастырып отыр, қатысу тегін. Қазақстандық ғалымдар К.Омашев пен К.Хамзин қойды қолдан ұрықтандыру жұмыстары туралы әңгімелеп, мал басын көбейтуге қатысты сұрақтарға жауап береді, сондай-ақ қозыларды күтіп-бағудың технологиясымен бөліседі.

Тәжірибелік сабақтар «Жетісу-Асыл тұқым» ӘКК өндірістік орталығында өтеді. Семинарлардың басталу уақыты – 09:00. Кәсіпкерлерге өздеріне ыңғайлы күн мен сабақтарды таңдауға мүмкіндік бар.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады.:  + 7 (72730) 7 48 97, +7 771 554 89 17, +7 701 476 80 89 (Дана Жанболатова). 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер