«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан макроэкономикасына шолу (2016 жылдың шілдесі)

2016 жылғы 26 Шілде
12345 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Жиынтық талдау департаменті отандық экономика жағдайы туралы қысқаша қорытынды мәлімет ұсынады

Елдегі инфляция біртіндеп баяулауда. Бұл жайтты ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің статистикалық мәліметтері мен ҚР Ұлттық банкінің парақшасында жарияланған әлеуметтік сауалнама нәтижелері растап отыр. Ел ішінде келесі 12 айда да оң болжам сипат алмақ.

ҚР ҰЭМ 2016 жылдың I жартысындағы экономикалық өсім 0,1% болғанын ресми мәлімдесе, қысқа мерзімді экономикалық индикатор, керісінше, 0,7%-ға төмендеген. ҚР ҰЭМ ресми тұлғаларының мәлімдеуінше, көрсеткіштер арасындағы қайшылық қызмет көрсету саласы (сауда-саттық, көлік және байланыстан бөлек) мен мемлекеттік кірістердің артуына байланысты екен.

Мемлекеттік кірістер құрылымы біртіндеп айыппұлдар мен өсімпұлдар кіретін салықтық емес кірістер жағына қарай ауысуда. Мұндай жайт 2007 жылғы қаржылық дағдарыс кезінде де тіркелген еді. Бұл дегеніміз – Үкімет тарапынан дағдарысқа қарсы бірдей қазыналық саясат қолдану туралы хабардар етуде.

Экономиканың негізгі салалары, сауда-саттық пен өнеркәсіп әлі де жеке көлем индексінің (ЖКИ) теріс көрсеткіштерін көрсетуде. Жекелеген көрсеткіштер бойынша сауда-саттық секторында сауда желілерінің айтарлықтай қысқарғаны белгілі болды. Ал өнеркәсіптік секторда пайдаланылатын өндірістік қуаттылық азаюда.

Экономикадағы дағдарыс ахуалына қарамастан, жұмыссыздықтың ресми көрсеткіші кемуде. Өткен дағдарыстық кезеңдерде де елдегі жұмыссыздық көрсеткіші өзгермегендіктен, бұл таңқаларлық жайт емес. Жұмыссыздық көрсеткішімен салыстырғанда, жұмысшылардың ірі және орта кәсіпорындарға келуі мен кетуі айтарлықтай сындарлы көрінеді. Бізге мәлім болғандай, ұйымдардың мұндай түрлерінде 2016 жылдың бірінші жартысында жұмысқа алудан көрі жұмыстан шығару жайттары көбірек болған. Бұл шын мәнінде жұмыссыздық көрсеткішін арттыруға әкеп соғуы тиіс еді.

Қорлар бөлігінде алтын қоры мен ҚР Ұлттық қоры айтарлықтай артуда. Бірінші жағдай алтынның ішкі өндірісінің қаржылай реттеуін сатып алумен түсіндіріледі, ал екіншісі қордың 2 млрд АҚШ доллары көлеміндегі инвестициялық кірісіне байланысты болғандықтан, оған түсініктеме табу қиынырақ.

Экономиканың долларизациялануы жоғары деңгейде қалуда, алайда осы жылдың басынан бері біршама баяулық байқалады.

Қазақстанның 2016 жылдың шілде айындағы макроэкономикалық шолуымен толығырақ мына жерден танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер