«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қолдан бәрі келеді!

2016 жылғы 15 Шілде
- Жетісу облысы
6556 просмотров

Жансүгіров ауылында алғаш рет Іскер әйелдер форумы өтті

Ақсу ауданында 60 әйел қатысқан ауқымды шара өтті. Мұндай шағын «құрылтай» өткізу идеясы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлейменованың  Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі мүшелерімен Талдықорғанда өткен  кездесуі кезінде туындады.

Шараның басты мақсаты – мемлекеттік қолдаудың қолданылып жүрген шаралары туралы хабардар ету, кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыру, өйткені ауыл әйелдерінің даму мүмкіндіктері мен қаржы құралдарына қолжетімділігі жоқ. Форум тек іскер әйелдерді ғана жинап қоймай, кәсіпкер әйел болуға ұмтылып жүрген жұмыссыздардың да басын қосты, оларды жаңа асуларға шабыттандырды.

Шара алдында «Табыскер әйел келбеті» көрмесі ұйымдастырылды. Қызметінде кіріске кенелген бизнесмен әйелдер қатысушыларға тәтті тағамдар, нан-тоқаш өнімдерін, тігілген бұйымдарды көрсетті. Сонымен қатар табысты әйелдер жайлы бейне фильм де ешкімді бей-жай қалдырмады. 

Ұйымдастырушылар әйел кәсіпкерлігінің келелі мәселелерін талқылауға белсене қатысқан аудан басшысы Әділбек Далбағаев тарапынан көрсетілген осы бастаманы қолдау мен ерекше қызығушылықты атап айтуда. Ол әйелдерге арналған маңызды шараны ұйымдастырғаны үшін Кәсіпкерлер палатасына алғыс айтты, ең белсенді бизнесмен әйелдерге өңірді дамыту ісіне қосқан үлестері үшін алғыс хаттар тапсырды.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық  саясат жөніндегі ұлттық комиссия  төрайымының орынбасары Ләззат Сүлейменова сонымен қатар ауданның аса зор мүмкіншілігі бар, бірақ ақпараттың жетпеуі кәсіпкерлік бастамаға басты бөгет болуда деп атап көрсетті.

«Қазіргі уақытта бизнесті қолдайтын қаржылық институттар, орталықтар, ұйымдар баршылық. Бірақ ауыл адамдарының оған қолы жете қоймайды. Мәселен, Ақсу ауданы Алматы облысы орталығында, бизнес ашу, туризм, сауда, жол жанындағы сервисті дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Сондықтан шағын бизнестің өсуіне ден қоюға болады», – деді Ләззат Сүлейменова.

Ұлттық комиссия төрайымы  орынбасарының сөздерін  аудан әкімі де қолдады. Аудан шығынның орнын толтыру үшін берілетін мемлекеттік жәрдем қаржыға кіріптар болып шықты, сондықтан шағын және орта бизнесті дамытуға зәру. Ал әйел кәсіпкерлігінің үлесі 12%-ды құрайды.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі төрайымы Мәмила Мұсабекова сонымен бірге әйелдерді елдің экономикалық өміріне белсене қатысуға шақырды.

«Иә,  әйел – өмір бесігі, отбасы тірегі. Сондықтан бизнесте да алға басу қолдан келеді. Тек бұдан да табанды, қажырлы болып, алған беттен таймау керек. Басында бәрі ойдағыдай бола қалмаса, мұңға шомамыз, кім қол ұшын созар екен деп жаутаңдап, көмек күтеміз. Қазір барлық жағдай жасалған, соларды пайдалана біліп, жүзеге асыруымыз керек», – деп қосты Кеңес басшысы.

Әйелдерге ортақ түйткілдерді талқылау қызу және қызықты болды. Сауалдармен бірге шешу жолдары мен ұсыныстар да айтылды. Мысалы, кәсіпкерлер облыс әйелдерін ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға шақырды. Атлас Молдахметованың «Ар салон» тігін ісінде біліктілікті арттыра алады, шаруа қожалығының басшысы Гүлжан Жексенбиева да ынтымақтасуға әзір. Ал мейрамхана бизнесін Ғалия Хакимова басқаратын «Нұр» мейрамханасында үйренуге болады. 

Әйелдерге арналған жеке кеңестер өткізу бұл форумның ерекшелігіне айналды. Қаржылық қолдау қоры, Агронесие корпорациясы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Халық банкі» өкілдері қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндірді, сонымен қатар байланыс жасау жайлы сөз байласты.

Әйелдер кеңесі шарасы 2,5 сағатқа жалғасты, ол біткен соң да қонақтар мен қатысушылар Мәдениет үйінен тарқамады, өйткені шара өте әсерлі сезіммен өтті. Әйелдер өз мәселелері жайлы әңгімелеп қана қоймай, бір-біріне сұрақ қойып, кеңес, жауап алысты. 

Сонымен бірге Ақсу ауданында Іскер әйелдер форумы жыл сайын өтетіні белгілі болды. Қатысушылар осындай шаралар өткізу, жиналыс нәтижелері мониторингін жүргізу қажет екендігін білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер