«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жалған кәсіпкерлер жыры...

2016 жылғы 04 Шілде
- Ақмола облысы
9305 просмотров

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кезекті кеңес барысында жалған кәсіпорындардың мәселесі тағы көтерілді 

«Колос-2014» ЖШС директоры М.Мұталиев бұзылған құқықтарын қорғауды, атап айтқанда, кәсіпкерлік қызмет нысанын сақтауды сұрап өтінді. Мемлекеттік кірістер департаменті оның мекен-жайына тіркелуі әрекетсіз танылған тұлғалармен жасалған мәмілелер бойынша шеккен шығыстар сомасын бұрын (корпоративтік кіріс салығын есептеу кезінде) шегеруге жатқызылғандар есебінен шығарып тастау қажеттігі жайлы хабарлама жолдаған болатын. Бүгінгі таңда өңірлік палатаға түскен мұндай шағымдар жиырмаға жуық. 

М.Мұталиевтің сөзіне қарағанда, мемлекеттік орган еншілес компаниялардың да шоттарына тыйым  саламыз деп қорқытуда, бұл жасалған барлық мәмілелерді доғаруға әкеледі және кәсіпорынның іскерлік беделіне нұқсан келтіреді.  

Өз кезегінде МКД басшысының орынбасары Бауыржан Шайкенов іс-қимылдарымыз заңды деп есептейді, жоғарыда аталған хабарламалар өңделіп, жүйеленген бақылау нәтижелері  бойынша, сонымен қатар қолда бар сот шешімдері негізінде жіберілді  деп  өз дәлелдерін келтіреді.  

Сонымен бірге ӨКП директорының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары Валентина Геращенконың пікірінше, фирманы жалған кәсіпорын деп тану аса күрделі емес, ал контрагенттердің салдарлары  өте  қиын болады. «Жалған кәсіпорынның контрагенті деп танылған фирма өте көп: салық, айыппұл, т.б. төлеу бойынша  шығынға  батады. Дегенмен ең бастысы, шын мәнісіндегі мәміле фактісі белгіленген. Былайша айтқанда, тауар берілді, қоймадан тасып әкетілді», – деп түсінік береді Валентина Геращенко.

Оның  сөздеріне қарағанда, кәсіпкерлердің мекен-жайына бұрын Мемлекеттік кірістер департаменті тек хабарламалар ғана жолдаған, орындай ма, орындамай ма, мұны әркім өз қалауы бойынша шешетін. Алайда қазір хабарламаларды ресми жолдау жүріп жатыр, оларды орындауға сот органдары шешімімен нұсқама беріледі.

«Мемлекеттік кірістер органдары тіркеуді әрекетсіз деп тану туралы сот шешімі және қойылған күннен бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарып тастау жеткілікті деп санайды. Мұндай жағдайда кәсіпорынның контрагенттері ҚҚС есепке алу құқын жоғалтады. Алайда ҚР Жоғарғы сотының 2013 жылдың 27 ақпанындағы «Салықтық заңдарды қолданудың соттық практикасы туралы» нормативтік қаулысында Салық кодексі мұндай мәмілелер бойынша шығындарды шегеруге тыйым салуды қарастырмаған делінген. Жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу әрекетсіз деп тану туралы қолда бар сот шешімі негізінде болады», – деп заң нормасына наразылық білдірді ӨКП директорының орынбасары.

Қызу талқылауға түскен бұл мәселені кеңес бақылауға алды. Олар мұндай наразылықтар сотқа дейінгі тәртіппен шешілуі тиіс деп санайды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Кұлыбаев бұл мәселені назарға алғанын айта кеткен жөн. Жуырда Ақмола кәсіпкерлерімен болған кездесу барысында «Атамекен» басшысы мемлекеттік органдарда салық мәселелері де сөз болатын дауларды реттеудің сотқа дейінгі механизмдерін құру Үкіметте қаралады деп айтқан болатын. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер