«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аудандық филиал директорларының назарына!

2016 жылғы 30 Маусым
- Жетісу облысы
7181 просмотров

Алматы облысында кәсіпкерлердің аудандық кеңестері ашыла бастады

Талдықорғанда облыстық кәсіпкерлер палатасының жиыны өтті. Жиынның басты тақырыбы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жарты жылдық жұмыстарының нәтижесі мен қорытындысын байыптау. Аудандық филиал директорлары әр айдың соңында палатада кездесіп, ұйымның қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін жиналады. Оның үстіне бөлімше бастықтарына біліктілігін көтеретін білім беретін семинарлар, мастер-кластар мен тренингтер жүргізіледі.

Бұл жиын да Палатаның негізгі бағыттарына қатысты қызметінің нәтижесін қорытындылауға бағытталды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева «Атамекен» ҰКП ІІІ съезінде айтылған материалдармен таныстырды.  

Содан соң Ұйғыр ауданы мен Талғар ауданы филиалының директорларының Палата өкілдерінің кеңес беру, жиналыс өткізу органдарының жұмысына атсалысуы туралы есептері тыңдалды. 

«Ұйғыр ауданында біздің өкілдер әкімдік жанынан құрылған 4 кеңес беру, жиналыс өткізу органына тіркелді. Олар – жер учаскелерін беру комиссиясы, кәсіпкерлік сауалдары бойынша сараптама комиссиясы, аудандық бюджет комиссиясы, мүгедектер ісі бойынша кеңес», – деп атап көрсетті филиал директоры Мүслім Амангелді.

Талғар ауданының бөлімше бастығы Ләззат Күмісбаева аудан басшылығы Палатамен тізе қосып жұмыс істеуге құлықты еместігін жеткізді. Диалог құратын жерді жаңғырту, кеңес беру-жиналыс өткізу органдарының мүшелерін қайта қарастыру, олардың  арасына кәсіпкерлерді қосу туралы жазылған өтініштердің барлығы жауапсыз қалған. Осы себепті облыс әкімі Амандық Баталовтың атына хат жолдауды даярлау керек деп шешілді. Талғар ауданының әкімі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған заңнама талап ететін алғышарттарға немқұрайлы қарап отырғандығы айтылмақ.

Палата директоры Ләззат Шыңғысбаева жергілікті Палата құрамында аудандық кеңестің қызмет етуі маңызды деп атап өтті. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен аудандық кәсіпкерлер кеңесі құрылғанын айта кетелік.

«Қазіргі кезде «Аудандық кеңестер туралы» ресми құжат дайындалып жатыр. Бұл орган жаңа мәртебе мен өкілеттілікке ие болмақ. Кеңес мықты ұйымға айналау тиіс. Мәселен, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сынды. Ол филиалдардың жұмысына игі ықпалын тигізіп, кәсіпкерлер мен қоғамды өз ісіне тартып отыратын болады», – деп атап өтті ӨКП басшысы. Шілде айында аудандық кеңестер қызметінің жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдары, бизнес қауымдастық алдындағы тұсаукесері өтпек.

Кәсіпкерлер Палатасының өңірлік кеңесінің төрайымы Римма Салықова қызметті тиімді ұйымдастырудың бірнеше кеңесімен бөлісті. Оның айтуынша, жұмыстың ауқымын дұрыс бөле білу мен қызмет пен тапсырмаларды лайықты бөлу жұмыстың нәтижесін анағұрлым арттырады.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Баниямин Файзуллин кәсіпті қорғау бағыты бойынша жасалған жұмыстардың бүге-шігесін айтып берді.

Директордың құқықтық сауалдар бойынша орынбасары Қанат Қабдиев филиалдың ісін жүргізу мен ұйымдастыру бойынша мастер-класс өткізді.

Сонымен қатар жиналыста директорлардың үздіксіз біліктілігін көтеріп отыру бойынша мәселе көтерілді. Өйткені, олардың теориялық білімінің молдығынан, тәжірибеде ысылуынан филиалдың белсенділігі артып, бастамалары көбеймек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер