«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Заң бұздың ба, жауап бер!

2016 жылғы 29 Маусым
- Жетісу облысы
7907 просмотров

«Талдықорғанжылусервис» басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Бұл жайында Алматы облысы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесінің отырысында мәлім болды. Кеңес басшысы Баниямин Файзуллин кәсіпкерлер құқықтарының бірнеше рет бұзылуына байланысты қала әкімдігіне осындай ұсыныспен шықпақшы.

«Талдықорғанжылусервис» жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және қамтамасыз ету қызметтерін көрсететін бірден бір кәсіпорын болып табылады. Сол себепті қала тұтынушылары үшін осындай қызметтер алудың басқа балама көзі жоқ.

«Заң бойынша, монополист реттелетін қызметтерді ұсынғаны үшін келісімшарт жасау кезінде тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуі тиіс. Алайда Кәсіпкерлер палатасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаментімен бірге жүргізген кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері туралы өзара іс-қимылы «Талдықорғанжылусервис» тарапынан заң бұзу жүйелі сипат алғанын дәлелдейді», – деп атап өтті Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің сарапшысы Думан Керімбеков. Мысал ретінде «Бородин» ЖК  және «Кәлменов Ж» ЖК-лерінің шағымдары келтірілді.

«Вячеслав  Бородиннің шағымын қарау кезінде, «Талдықорғанжылусервис» МКК-нің мәліметтері бойынша, есептік сағаттық жүктеме 0,1013 Гкал/сағатты құраған, ал, Департамент жүргізген есептеулер бойынша ол көрсеткіш 0,00943 Гкал/сағатты құрауы тиіс. «Талдықорғанжылусервис» тарапынан есептік-сағаттық жүктемені бұрмалау нәтижесінде департамент ЖК-ге  жылыту қызметтерін көрсеткені үшін есептелген соманы ұлғайтып көрсету фактілері анықталды, мұнда тұтынушының пайдасына қайтарылуы тиіс сома 5868,28 теңгені құрады», – делінген сараптамада.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаментінің ескертпелеріне қарамастан, заңбұзушылықтар жойылмады.

Сонымен, облыс прокуратурасы және ТМРБҚД Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен ұйымның қызметіне тексеру жүргізетіні туралы шешім қабылданды.

«Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті Экономикалық тергеулер қызметіне және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның департаментіне аталмыш материалды сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркеуді және «Талдықорғанжылусервис» басшылығына қатысты тергеу жүргізуді ұсынамыз. Сондай-ақ, тұтынушылардың заңды құқықтарын жүйелі түрде бұзғаны үшін басшылықты қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қоямыз», – деп атап көрсетті облыстық Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы Баниямин Файзуллин.

Сонымен қатар, отырыста Меруерт Төреғожинаның шағымы да қаралды. Бұл әйел Талдықорған қалалық сотының әкімшілік ғимаратында орналасқан өзінің тұрғынжайына кіре алмай қалған. Толық жөндеуден соң ғимаратқа кіретін сыртқы кіреберіс мүлдем асфальтталып тасталған...

«Конституцияға сәйкес, әрбір адамның кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Аталмыш мәселені реттеу үшін Меруерт Төреғожинаның құқықтарын қалпына келтіруге қолдау көретуді сұраған хаттар жолданды», – деді заңгер.

Отырыста қалалық соттың өкілі енді кәсіпкерге ғимаратқа кіруге рұқсат берілді деп сендірді. Алайда, мәселенің шешімін тапқанына қарамастан, Баниямин Файзуллин бизнесменнің заңды құқықтарын бұзушыларға тексеру жүргізуді ұсынды.

Кәсіпкерлер палатасында Алматы облыстық кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысы биылғы жылы осымен үшінші рет өткізіліп отырғанын еске саламыз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер