«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алғашқы келіссөздер

2016 жылғы 27 Маусым
- Жетісу облысы
9836 просмотров

Облыстың ауылшаруашылық кооперативтері «Алма маркет» және «Magnum Cash&Carry» сауда желілерімен келіссөздер жүргізді

Бұл жайында кәсіпкерлердің алматылық сауда желілерінің (молдардың) басшылығымен кездесуінде белгілі болды. Келіссөздер Алматы қаласында 27 сәуірде өткен аграрлық кооперация негізінде ауылшаруашылық өнімдерін тікелей өткізу жүйесін дамыту жөніндегі өңіраралық мәжілісте қол жеткен  Алматы қаласының сауда желілері, облыстың ауылшаруашылық кооперативтері және «Атамекен» ҰКП арасындағы ынтымақтастық ниеті туралы үш жақты уағдаластықтың арқасында өтті.

Бұған дейін аграрийлер «Metro», «Рамстор» және «Carrefour» сауда желілерінің өкілдерімен кездескен болатын. Кездесуде супермаркеттер ет, көкөністер мен жемістер сатып алуға қызығушылық білдірді. «Алма маркет» және «Magnum Cash&Carry» басшыларымен келіссөздер барысында да өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сауда желілері қазірдің өзінде ауылшаруашылық кооперетивтеріне қойылатын талаптар мен ережелердің тәртібін, бекітуге арналған келісімшарттарды жолдап қойғаны мәлім болды. Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Әсет Шаяхметовтің айтуынша, кооперациялар мен молдар арасындағы сұхбаттастықтың бірінші қадамы жасалды.  

«Ең бастысы, тараптар ынтымақтасуға даяр. Енді, негізінен, ауылшаруашылық кооперативтерінің өнімдері сапа талаптарына сәйкес келуі тиіс. Кейбір супермаркеттердің дербес зертханалары бар екенін және сараптама жүргізе алатынын атап айтқан жөн. Қазіргі уақытта үш АШК сауда желілерімен егжей-тегжейлі келіссөздер жүргізуге кірісіп кетті», – деп қосты Ә.Шаяхметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер