«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауылдастың асы дәмді

2016 жылғы 23 Маусым
- Жетісу облысы
6728 просмотров

Ауылшаруашылық кооперативтері оңтүстік астананың супермаркеттеріне ет пен көкөніс жеткізуге ықылас танытып отыр

Бұл жайында кәсіпкерлердің алматылық сауда орталықтарымен кездесуінде мәлім болды. Келіссөздер 27 сәуірде Алматыда өткен аграрлық кооперация негізінде ауылшаруашылық өнімдерін тікелей өткізу жүйесін дамыту жөніндегі өңіраралық мәжілісте қол жеткен Алматы қаласының сауда желілері, облыстың ауылшаруашылық кооперативтері және «Атамекен» ҰКП арасындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісімнің арқасында жүзеге асқанын атап айту қажет. Өйткені, фермерлер мен шаруа қожалықтары үшін өнімді өткізу басты проблема болып табылады. 

Одан бөлек, аграрийлердің көпшілігі ішкі және сыртқы нарықта өнімді тиімді ілгерілетуге көмектесетін дамыған өткізу жүйесіне мұқтаж. Ақсу, Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Сарқант, Көксу аудандарының және Қапшағай қаласының ауылшаруашылық кооперациялары «Metro», «Рамстор» және «Carrefour» сауда желілерінің өкілдерімен кездесулер өткізді. Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Әсет Шаяхметовтың айтуынша, тараптар тауарды жеткізу, өткізу шарттарын, моллдардың ережелері мен талаптарын талқылады.

«Сауда желілері ет, көкөністер мен жемістер сатып алуға мүдделі. Қазіргі уақытта кооперативтер өнімді жеткізуге дайын екендерін білдірді. Бірлескен ынтымақтастық әлі де егжей-тегжейлі талқыланады. Бірақ, ең бастысы, біз моллдардың өкілдерімен кездесіп, мәселелерді талқыладық, қарым-қатынасты жолға қойдық. Біздің келіссөздеріміздің қорытындылары жемісті және нәтижелі болады деп сенеміз», – деді Ә.Шаяхметов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, тараптар келесі жылға ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу туралы әңгімені қазірден бастап-ақ жүргізуде. Оған қоса, ертең кооперативтер басшылары «Алма маркет» және «Magnum Cash&Carry» сауда желілерінің басшылығымен кездесу өткізбекші.

Өңірде Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 20 ауылшаруашылық кооперативі құрылып, тіркеуден өткенін еске салғымыз келеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер