«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Табысты әріптестік

2016 жылғы 16 Маусым
- Жетісу облысы
7507 просмотров

«Іскерлік байланыстар» жобасы кәсіпкерге шетелдік серіктестермен ынтымақтастық орнатуға көмектесті 

Алматы облысының белгілі бизнесмені, «Шәй орталығы» ЖШС бас директоры Медеу Серікбаев «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында  Германияда тәжірибе өткен 28 бизнесменнің қатарында.

Биылғы жылдан бастап «Атамекен» ҰКП осы бағдарламаны жүзеге асыра бастағанын атап айтқымыз келеді.  Халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауы арқасында шетелдік серіктестіктермен іскерлік байланыстар орнату есебінен ШОБ қолдау халықаралық жобаның басты мақсатына айналды.

Тәжірибе барысында кәсіпкерлерге арналған менеджмент, маркетинг, сыртқы экономикалық байланыстар бойынша теориялық және іс-тәжірибелік сабақтар жүргізіледі. Медеу Серікбаевтың сөздеріне қарағанда, бұл сапар неміс компаниясымен ынтымақтасты реттеуге жәрдемдесті. Тәжірибе барлығы 24 күнге созылды. 

«Өте жақсы әсердемін. Жобаның арқасында жаңа байланыстарға қол жеткіздім, әріптестермен және болашақтағы серіктестеріммен таныстым. Бизнесті жүргізу және дамыту жөнінде жақсы кеңестер алдық. Тәжірибе барысында шәй қоспасын өндірумен шұғылданатын «Аlsen lime» компаниясымен келіссөздер жүргіздім. Қазіргі уақытта бірлескен ынтымақтастықты бастадық», – дейді  бизнесмен.

Алматы облысы Кәсіпкерлері палатасының кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы Ерлан Датқаевтың пікірінше, «Іскерлік байланыстар» – бизнес-байланысты жөнге салып, реттейтін тиімді құрал.   

«Қазақстандық қатысушылар жыл сайын неміс кәсіпорындарымен мәмілелер жасайды. Импорт және экспорт саласында өзара пайдалы қатынастар дамуда.  Сонымен қатар «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысушылар жаңа жұмыс орындарын құруда, өз өндірісін  жаңғыртып-жетілдіруде, отандық және шетелдік бизнесмендермен мәмілелер жасайды – мұның бәрі еліміздің экономикалық өсуіне  үлес  қосады»,– деп түйіндейді ойын Ерлан Датқаев.

Еске сала кетейік,  жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі саласының өкілдері оқуға қатысушылардың көбін құрайды. Тәжірибеге қатысушыларды халықаралық комиссия іріктейді және олар үміткерлермен бағдарламаға қатысу мақсатын анықтап, жобалық тапсырма мен конкурстық құжаттаманы талдау туралы әңгімелеседі.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер