«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Болат Палымбетов: «Бизнеске жұмыс жасауға мүмкіндік беру қажет»

2016 жылғы 19 Мамыр
- Жетісу облысы
10347 просмотров

Алматы облысы Қазақстанның Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетов жұмыс сапарымен барған алтыншы өңір болды.

Ең алдымен облыс басшылығымен кездескен бизнес-омбудсмен өңір билігінің назарын кәсіпкерлерге қатысты проблемалардың көбін жергілікті деңгейде шешуге болатынына аударды. Осыған байланысты, Болат Палымбетов жергілікті атқарушы органдарды бизнес проблемаларын шешуге белсенді атсалысуға шақырды. Жекелей алғанда, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл көп жағдайда кәсіпкерлер құрылыс, жер қатынастары, бюджеттік заңнама салаларындағы проблемалармен бетпе-бет келіп жататынын айтты.

«Проблемалық мәселелердің көбін Астанаға жеткізбей-ақ,  сол жерде шешуге болар еді. Мәселен, кәсіпкер өз жобасын алып келген кезде, мемлекеттік орган оған жобаның бас жоспарға сай келмейтінін айтып, құрылыс салуға рұқсат бермей жатады. Бұл енді құпия құжат емес қой. Олай болса бас жоспарға интернет арқылы қолжетімділікті қамтамасыз етейік. Бұндай проблема Қазақстанның өзге де өңірлерінде бар екенін айта кетейін, – деді бизнес-омбудсмен. – Егер адам құрылыс салғысы келсе, оны қолдан келгенше қолдау керек. Құрылыс – бұл  экономиканың бір уақытта бірнеше кәсіпорынды жұмысқа тартатын саласы. Мәселен, егер біз үй сала бастасақ, құм карьері, цемент және кірпіш зауыттары, сырлаушылар және өзге жұмысшыларды жұмысқа тартамыз. Бизнеске жұмыс жасауға мүмкіндік беру керек».

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл, сонымен бірге, жергілікті бизнес-қоғамдастықпен де кездесті. Облыстағы іскер орта өкілдерінің проблемаларына назар салған Болат Палымбетов оларды бизнес үшін маңызды мәселелерді талқылауға белсенді қатысуға шақырды.

«Қандай да бір заңды талқылау барысында сіздер оған қатыспайсыздар, ал өз наразылықтарыңызды заң қолданысқа еніп қойғаннан соң айта бастайсыздар. Мұндай талқылауларға белсенді атсалысу керек, әсіресе олар кәсіпкерлік қызметке қатысты болатын болса. Сондай-ақ, қандай да бір министрлікте әрекет ететін барлық дерлік жұмыс топтарында өкілдері бар Ұлттық палатамен тығыз байланыс орнату қажет», – деп түйіндеді Болат Палымбетов.

Бұдан ары «Атамекен» ҰКП Әкімшілік кедергілермен жұмыс жасау және қоғамдық мониторинг департаментінің директоры Ербол Өстеміров бизнес-қоғамдастықты «Іскерлік климат» тәуелсіз рейтингіндегі Алматы облысы көрсеткіштерімен таныстырды. Бұл тұста оң нәтижені де назарға алу қажет: Алматы облысы 2014 жылмен салыстырғанда 5 орын жоғары көтеріліп, 11-орынға тұрақтаған.

«Іскерлік климат» рейтингі аясында кәсіпкерлер көзімен жемқорлық деңгейіне баға берілген. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы облысы көрсеткіштері жақсы, облыс жемқорлық деректері ең аз деген үштік құрамына еніп отыр. Тағы бір қызықты жайт, Алматы облысы қолайлы бизнес-орта жөнінен аутсайдерлер үштігіне енген, кәсіпкерлердің өздері де жемқорлық деңгейі төмен деп отыр. Салыстырар болсақ, Алматы  бизнес-ортаның қолайлылығы жөнінен үздік аутсайдерлер үштігіне кірген және қала ең сыбайлас үштік өңір қатарынан көрінген. Сонымен бірге, респонденттердің жартысы Алматы облысындағы жемқорлық деңгейі бұрынғы қалпында десе, респонденттердің 25%-ы жемқорлықтың артқанын, 26%-ы, керісінше, кемігенін байқаған», – деді Ербол Өстеміров.

«Атамекен» Палатасының Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко Ұлттық палатаның бизнес құқығын қорғау жөніндегі жұмысы туралы ақпар берді. «Келіп түскен өтініштер бойынша анағұрлым оңтайлы шешім шығаруға прокуратура органдарымен бірлесе жұмыс жасау арқылы қол жеткенін айта кеткіміз келеді. Ұлттық палата мен прокуратура органдары арасында кәсіпкерлер құқығын қорғау жөнінде меморандумға қол қойылған. Мәселен, 2015 жылы Палатаның өтініші бойынша прокуратура органдары түрлі мемлекеттік органдарға 170 прокурорлық ықпал ету актілерін енгізіп, 19 қылмыстық іс қозғаған, сонымен бірге, 39 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 8 шенеунік қызметтерінен босатылған», – деді Савеленко.

Алматы облысы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Баниямин Файзуллин, өз кезегінде, ӨКП-ның атқарған жұмыс қорытындылармен бөлісті. «Биылғы жылдың І маусымында бизнесті қорғау бағыты бойынша облыс Кәсіпкерлер палатасына 117 құқық қорғау бағытындағы өтініш келіп түскен. Олардың 46-сы оң шешімін тапты. 83 өтініш бойынша құқықтық құжаттар даярлауда түсіндірмелер беріліп, көмек берілген. Аталған кезең ішінде кәсіпкерлер құқығы 428 800 000 теңгеден астам сомаға қорғалған. Үш жыл ішінде Палата қолдауымен кәсіпкерлер пайдасына 24 сот шешімі шығарылған», – деді ол.

Кездесу соңында Болат Палымбетов кәсіпкерлерді жеке қабылдап, олардың кейбірінің проблемаларын облыс прокурорымен кездесу барысында талқылайтынын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер