«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бірқатар облыстардың рейтингі өсті

2016 жылғы 14 Сәуір
- Жетісу облысы
8306 просмотров

Алматы облысы өңірлер арасындағы рейтинг көрсеткішін жақсартты

«Іскерлік ахуал» атты рейтинг кәсіпкердің ісінің қалай жүріп жатқанын тиянақтайтын нақты көрсеткіштің бірі. Жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын бағалауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік сауалдама негізінде Алматы облысы 16 орынның ішінде 11 орында тұр. Өңірлер рейтингін компания иелері мен кәсіпкерлікке бетбұрыс жасап жатқандардан сұрау салу арқылы тізген. Бұл зерттеу кезінде экономикалық белсенді тұрғындардың 18 бен 64 жас аралығындағы 2100 респондент жауап берген. Сауалдамаға Қазақстанның 14 облысы, Алматы мен Астана қалалары қатысқан. Өз ісін ашқысы келетін еңбекке қауқарлы тұрғындардың үлесі бойынша Алматы облысы (12,7%) көшбасшылардың қатарына кірді. Өңірлер арасында көш басшылар қатарына енді. Біздің облыстан басқа көшбасшылардың арасында ОҚО (17,03%), Ақтөбе (9,6%), Қарағанды (9,6%) облыстары бар екен. Агломерацияның осы орталықтары кәсіпкерліктің өсуіне аса жағымды дейді сарапшылар. Кәсіп жүргізуге жағдай жасау бойынша Алматы облысы да өз көрсеткішін 5 орынға дейін жақсартқан екен. Адам ресурсы бойынша республикалық орта деңгейден төмен көрсеткішке тоқтады. Ең жақсы көрсеткіш Павлодар облысында – 3,4 балл, Алматы облысында – 2,7 балл.

«Өңірлердің кәсіби маман ресурсымен қамтамасыз етілуін бағалау арқылы кәсіпкерлердің қызметкер алу кезінде қиындық көретінін білуге болады. Біліктілігі жоқ мамандар Қазақстан бойынша сұранысқа ие емес. Тек кейбір өңірлерде ғана»,  – делінген талдауда.

Оның үстіне Алматы облысы білікті мамандар тапшылығы бойынша жалпы қазақстандық деңгейден қалып келеді. Мәліметтерге сенсек, 34% кәсіпкерлер жоғары деңгейлі кәсіби білікті мамандарға қол жеткізе алмай отыр. 32% кәсіпкерлер техникалық жұмысшылар алу кезінде қиындық көреді. 21%-ы өндіріске қатысы жоқ жұмысшыларды алудан ақсайды. 13%-ы біліктілігі жоқ жұмысшылар таппай отыр.

«Қаржылық ресурс» көрсеткіші бойынша орташа балл 2,5 болды. 4 балл – ең жоғарғы. 4 баллға 62,5% сай келеді. Өңірлік өлшемдерде ең төменгі көрсеткіш Алматы облысына тиесілі болды – 2,1 балл. Орташа қазақстандық деңгейден Атырау мен Шығыс-Қазақстан облыстары кейін келеді. 2,2 баллдан. Маңғыстау мен Солтүстік-Қазақстан облысы 2,3 баллдан алыпты», – делінген рейтингте. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер