«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Кәсіптік-кеңесші» ымдап сөйлейді

2016 жылғы 12 Сәуір
- Жетісу облысы
11731 просмотров

«Кәсіптік-кеңесші» жобасын енді саңырау адамдарға лайықтап жасап шықты

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы рухы мықты адамдарды қолдауын ұмытпады. Олар да өз кәсіптерін ашып, өз ісін дөңгелетсем дейді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға бұрын да кәсіптік курстар өткізіліп тұратын. Бұл жолы өңірлік кәсіпкерлер палатасы бірінші рет нашар еститін, 2 және 3 топ мүгедектеріне арнап экспресс курстар өткізді. Сурдоаудармалар жасады. Бұрын дәл осы топқа кәсіптік курстар болмаған еді. Кәсіпті дамыту үшін 25 мүгедекке алғаш рет ҰКП бағдарламасы бойынша арнаулы курстар жүргізілді. Аударманы Талдықорған қалалық мүгедектер қоғамының мамандары мен Текелі қаласындағы өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Кәсіпкер-жаттықтырушы Александра Кузнецованың айтуынша, қатысушылар курстарға зор қызығушылық білдіріп отыр.

«Мұндай курс өтеді деп айтыла салысымен қатысуға ниет білдірушілер саны көп болды. Әр адам өзінің кәсібін ашқысы келеді. Жұмыс істеуге, тәуелсіз, еркін өмір сүруге құлықты. Мүгедек жандарға арнап құқықтық, оқу курстарын ұйымдастырудың мезгілі келіп жетті. Осы бағдарламаға қатысу оларға өзінің кәсіпкерлік қырын ашуға септеседі. Кәсіби біліктілігін шыңдай түседі», – дейді ол өз сөзінде.

Екі күндік курс кезінде тыңдаушылар кәсіпті қалай ашу керек, маркетингті қалай жүргізген дұрыс, өз өнімін сатуды қалай ұйымдастырғаны абзал, кәсіптік жоспарды қалай құру керектігін үйренді. Текелі қаласындағы өңірлік кәсіпкерлер палатасының бөлімінде кеңесші болып істейтін Риза Дауытбаева былтыр сурдоаударма жасау курсын меңгерген.

«Кәсіптік-кеңесші» курсы экономикалық терминдер мен түсініктерге толы. Сондықтан оның бәрін аударып, ыммен түсіндіру қиынға соқты. Оның үстіне бұл курс оларға таңсық екенін ескеру қажет. Кәсіпкерлік негізін алғаш рет біліп отырғандар бар. Аударманың кейбір қиындықтарына қарамастан, сұрақ қоюшылар көп болды. Дискуссияға қатысқандар белсенділік танытты», – дейді Дауытбаева.

Қатысушылар арасында бес кәсіпкер болды. Олар шағын кәсіпкерлікпен айналысады екен. 57 жастағы Ольга Рыжкова 2 топтағы мүгедек. Жобаға оқу үшін келген. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік алғысы келеді.

«Мен бірнеше жылдан бері кәдесый, ойыншық қуыршақ жасаумен айналысам. Көп адамдарға ұнайды. Шетелден тапсырыстар беріп жатады. Жасайтын өнімдерімнің түрлерін көбейткім келеді. Кәсібімді  одан ары қарай дамытсам деймін. Сол үшін мен «Кәсіптік кеңесші»  курсына келдім», - дейді О.Рыжкова.

Курс тәмамдалған соң қатысушылар кәсіптік жоспарларымен бөлісті. Қатысушылардың көбісі бау-бақшамен, етік тігумен, жылыжай салу, ТҚС-пен айналысқысы келетіндер екен. 64 жастағы Александра Попова «Кәсіптік кеңесшіге» алғаш рет қатысып тұр. Құлағы естімейтін мүгедек. Тыңдаған курстан қанаттанып, немен айналысатынын шешіп қойыпты. «Осы екі күнде кәсіпкерлік туралы көп нәрсе білдім. Кәсіпті бастау оңай емес екен. Бірақ қарап отырған да жараспас. Өзімнің тігін цехымды ашқым келеді» дейді ол.

Кәсіби жаттықтырушы Қайрат Оңғаровтың айтуынша, кәсіптік жоспар жасаған кезде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін біраз қиындықтар туындайды екен.

«Сурдоаудармашылар жетіспейді. Мүгедек жандарға естігені бойынша кәсіптік жоспар құру қиынға соғады. Білікті маман керек. Осы түйткілді шешудің жолдарын іздеп жатырмыз. Осы адамдардың арманын орындауға көмектесеміз деген ойдамыз», – дейді Қайрат Оңғаров.

«Кәсіптік кеңесші» жобасы осы жылдың қарашасына дейін созылды. Осы аптада экспресс курстар Ескелді, Көксу аудандарында өтеді. Оларға 50 адам жазылып қойған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер