«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлікке орташа мерзімді қазына саясаты керек

2016 жылғы 11 Сәуір
12193 просмотров

ҚР салық реформасы туралы «Атамекен» Төралқасы төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов әңгімелейді.

Қазақстанда «Салық және бюджет пен кедендік реттеу кезіндегі өзге де міндетті төлемдер» атты заң жобасы жасалып жатыр. Ол Салық пен Кедендік Кодексті біріктіруді көздейді. Қазақстандағы ең маңызды реформаның бірі – Қосымша құн салығын өнімнің салығына ауыстыру.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов Қазақстанның салық заңнамасын өзгертудің уақыты келді дейді. «Салық мемлекет пен кәсіпкерліктің арақатынасын екшейтін ұғым. Сондықтан ол ағымдағы, әрі келешектегі болжаулы экономикалық дүниелерге сай қызмет етуі тиіс.  2014 жылдан бері экономикалық ахуал мүлде өзгеріп кетті. Оның пісіп жетілетін уақыты келді. Бүтіндей алып қарасақ, әр ел жеке сауда жасайтын дүкен іспетті. Біз мұнай мен газдың 58%-ын, кен мен металлдың 20%-ын, ауылшаруашылық өнімдерінің 10%-ын экспортқа шығарамыз. Бұл біздің экспорттық қоржынымыздың құрылымы. Әлемге сататын басты тауарларымыздың бағасы күрт түскен соң мемлекеттік бюджетті толтырудың құрылымы да өзгеруі тиіс. Соған сай қазына саясаты өзгеріске ұшырамақ», – дейді ол.

«Атамекеннің» өкілі кәсіпкерлік аяқ астынан болатын күрт өзгерістерді көтере алмайды дейді. «Ондай жағдайда біртұтас кәсіпкерлік үдерістерді толықтай өзгертуге тура келеді. Бұл қымбатқа түсері  ақиқат. Статистикаға көңіл бөлсек, біз ондайды талай рет бастан кештік. 2009 жылы Салық кодексіне 111 өзгеріс топтамасын енгіздік. Есептесек, әр жылға 14-15 өзгеріс бұйырыпты. Өзгерістерді енгізудің мерзімі 3 күннен 7 күнге созылды. Салықты бәрі төлейтін болғандықтан, нормативті ортаның өзгерістері кәсіпкерлерге дереу сезіледі. Ол тек сырт көзге 111 өзгеріс қана болып көрінеді. Күнделікті өзгеріс болып тұрса, ойынның шарты өзгеріп отырады. Ол дегеніңіз орасан зор қаржы, нар тәуекел ғой», – деп мәлімдейді Жүрсінов сөзінде.

Жүрсінов кәсіпкерге тұрақтылық ауадай қажет екенін атап өтті. ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев бұл уәжді түсінетінін айтты. «Біздер Салық кодексіне өзгерісті жылына бір рет қана енгізу керек дегенді айтып келеміз. Бұдан ешкім өліп кетпес. Жылына бір рет, негізгі заңдарды өзгерту керек. Болды. Сол жеткілікті. Біздің басты түйткіліміз не? Біз де жер туралы кодексті, немесе басқалай бір заңды өзгертсе, салық кодексі қосымша ретінде қосыла өзгереді. Былтыр мәжіліс арқылы 90 заң өтті», – деп түсіндірді министр.

Төраға орынбасары Қазақстан кәсіпкерлігіне орташа мерзімді қазына саясаты керек дегенге баса екпін түсірді. Негізгі құжат осы болуы керек дейді ол. «Мемлекеттік жоспарлаудың алдағы 3-5 жыл аралығын қамтитын басты жүйелі құжатқа айналар еді. Мемлекет тек көкжиегін көрсетіп отырса болғаны. Мәселен, үш жылдан соң қазынаның тәбеті қандай боларын болжап отырар еді... Турасын айтқанда, кәсіпкер мына бағытпен жүрсем, екі жылда пәлен сом салық төлейді екенмін дегенді алдын ала жори алар еді», – деп нақтылады сөзін Жүрсінов.

«Бірақ одан да маңыздысы – осы саясат негізінде бюджет те қабылдануы шарт. Орташа мерзімге арналған құжат туралы айтып отырмын. Ол бойынша жыл сайын үстеме анық болады. Мысалы, Ресейде 2016 жылға арналған салық саясатының бағыты мен 2017-2018 жылдарға жоспар белгіленген. Мұндай тәжірибе әлемнің басқа елдерінде де қолданылады. Кәсіпкерлік үшін төрт саясат аса маңызды: қаржылай-несие, бюджеттік, қазына, тарифтік саясаттар. Осылардан кәсіпкерліктің дамуы белгілі. Мемлекеттің орташа мерзімді саясат жоспарын білсек, кәсіпкерлер соған сай жұмыс жасауға бейімделер еді», – деп қосып қойды Жүрсінов.

Сарапшы экономиканы дамыту үшін халық шаруашылығының бәсекеге қабілетті салалары болуы керек дегенді атап өтті. Оған мұнай, ГМК, Аграрлы-өнеркәсіпті кешен, көлік пен банк саласы. «Әлем қазір тіп-титтей боп қалды. Инвестор ақшасын қайда салғысы келсе де бәрібір. Сол үшін салықтың салмағы бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Өмір шындығына сай болғаны абзал. Бәсекелес мемлекеттерден артық болса, нұр үстіне нұр болар еді», – дейді ол.

Жүрсінов «қазір жақсы кез емес» болып тұр дегенді меңзеді. Сондықтан кәсіпкерлікке салмақты көп түсіре берген дұрыс болмайды дейді. «Бір-екі жыл қоя тұрып, әл жинап алу керек. Былтырғы қарашадағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына Елбасы «салықты көбейту – қазіргі жағдайдан шығарар жол емес» деп айтқан. Бірақ бас қосып, кімнің қандай салық салмағы бар, нақыт әлеуетін есептеп, үдерісті бір жолға түсіру керек. Салықтың салмағы туралы айтатын болсақ, алыста орналасқанын басты назарда ұстаған абзал, сонда кәсібі көрші елдерге жем болмайды», – дейді Жүрсінов түсінік берген кезінде.

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігімен жасалған жұмыстар туралы айтар болсақ, Жүрсіновтің айтуынша, Палатаның мемлекеттік органмен ара-қатынасы тамаша. «Қазір тікелей диалог бар. Министрмен тікелей сөйлесе аламыз. Қазыналық саясатты дамыту үшін негізгі бағыттар бойынша драфтты дайындап қойдық. Кәсіпкерлік қазыналық саясатты қалай бағалайтыны сонда көрініс тапқан. Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдерімен салалар бойынша өзара салмақты есептеп көрдік. «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасын заманға сай жаңғырту, жасақтауды қолға алдық, соған сай әлеуетімізді түзуге тырыстық. 5-6 жылдың ішінде ақша қайда бар, қайда салым жасаған абзал. Көлеңкелі кәсіпкерлікті тыю бойынша өз ұсыныстарымызды даярладық», – деді ол.

Қосымша құн салығынан тауардың салығына көшу туралы айтар болсақ, «Атамекен» жаңа заңнамада көрсетілген тәсіл әлемнің ешбір елінде жоқтығын нақтыладық. «Мен Жапон елінің, АҚШ-тың салық заңнамасымен танысып шықтым. Барлық жерде классикалық тауардан алынатын салық жүреді. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстандағы көлеңкелі кәсіп 38%-ды құрайды екен. Мұндайды ескерсек, тауар салығына көшу – кәсіпкерлікке балта шабу болады. Біз кәсіпкерлерді жинап, басын біріктіре алмай қаламыз. Нағыз тәуекел алаңы болады. Ресейліктер екі рет жасап көруге тырысты. Екі ретінде де опық жеді. Бұл бізге жарамайды. Қазіргі тауар салығы шын мәнінде айналымнан түскен қаржының салығы. Палата ретінде мұндай салықтың бес түрлі қауіпі барлығын бағалап отырмыз», – дейді Жүрсінов.

Жүрсіновтің айтқаны бойынша, реформа өзіндік құнды өсіреді дейді. «Біріншіден, ол үшін біз нақты кәсіпорындарды алдық. Соларға тәжірибе жасап, қандай өзгешелік болатынын талдадық. Сүт өнімдері бойынша не шықты дейсіз бе, бір литр сүтке 5% өнім салығын салсақ, өзіндік құны 9%-ға өсті. АИ-92 бензині бойынша, өзіндік құн 9%-ға, фосфор – 13%-ға, құс еті – 10%-ға, электр қуатының киловатты – 4%-ға өсті. 5% тауар салығынан өзіндік құн 9-15%-ға өседі екен», – деді ол.

«Екіншіден, ел ішіндегі ахуалды алайық. Көрші елдердегі бәсекелестермен «Сауда соғыстары» жүріп жатқаны құпия емес. Екі жыл бұрын майдан Омбы мен Барнауыл аймағында болса, қазір Астанаға дейін жетті. Импорттау өндіруден арзан болып барады. Егер саудагер сауатты болса, ол бөлшектеп сатуға бір айналымда жетеді. Өндіру үшін талай айналым керек болады. Өндіруші импортерге ұтылатын дәрежеге өз еркімен бойұсынғаны болып шығады», – деп атап өтті сарапшы.

Үшіншіден, Жүрсінов назарды экспортқа арналған баға туралауға қатысты тәуекелге бұрды. «Мұнай бойынша бұл бес түрлі әлемдік баға қоюшылар. Металл – Лондон биржасында нақтыланады. Соған сай өзіндік құн өссе, ал әлемдік баға тұрақты болса, бәәсекеге қабілеттілік төмендейді. Біздің экспортерлер өте қомақты қаржысынан қағылады. Бәсекеге қабілеттілікке қатысты ойым», – деді ол.

«Осы жерден төртінші бөлімге көшеміз. Жаңа алғышарттары бар аяда саудагер ретінде не істей аламыз? Сауда жасау торабын жетілдіруі керек. Біздің болжам бойынша, 2-3 бөлімі жабылады. Олар кімдер? Қазір Жеке кәсіпкерлер Қосымша құн салығын төлемейді. Бізде олардың саны 930 мың. Олардың 41%-ы трейдингте (акцияларды сату және бағамдық құнның өзгеруінен пайда табу мақсатымен қайтып сатып алушылар). Яғни, 400 мыңдай жеке кәсіпкер өнім салығын төлеуге мәжбүр болады. Егер үшінші, төртінші торап нарықтан шықса, онда шамамен 100 мың жеке кәсіпкер қалады. Орташа есеппен бір ЖК 1,5 адамнан шығады. Біздің болжау бойынша, 120-150 мың адам. Бұл бір күнде жүзеге аса с алатын тәуекел еместігі түсінікті шығар. Бірақ бұл тәуекелге бел бууға тура келеді», – деді Төралқа төрағасының орынбасары.

Бесінші тәуекел, Жүрсіновтің айтуынша, экономикадан ақшаны шығарып алу. «Өнім үсті салық кезінде есеп беру азаяды. Әр деңгейде ақшаны алып қоюға бола береді. Оның шегі қаншалықты екенін түсінуге тырысып жатырмыз. Оның шегі экономиканы тұтастай сығымдауға әкелуі де мүмкін», – дейді Жүрсінов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер