«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Венгер көктемі

2016 жылғы 06 Сәуір
- Жетісу облысы
11018 просмотров

Венгрия Қазақстанмен жаңа сауда-экономикалық байланыстар іздестіруде

Венгрияның Алматыдағы Бас консулдығының сыртқы сауда жөніндегі консул-атташесі Дерьд Тар мырза өңірдегі кәсіпкерлермен кездесті. Атап өтерлігі, Венгрияның Қазақстанмен арадағы әріптестік тәжірибесі мол, қазақстандық азық-түліктерді, сусындарды, шикізат пен газды сатып алады. Бүгінгі таңда аталмыш ел аграрлық технология, құылыс өндірісі, су тазалайтын стансалар салу, қоқысты қайта өңдеу, көлік және жүргінші тасымалы салаларын жандандыруға ниетті. Палата директоры Ләззат Шыңғысбаева директорға өңірдегі бизнес-қауымдастықпен кездескені үшін алғысын білдіріп, әріптестіктің әлеуетті салаларын атап өтті.

«Алматы облысы тұрғындарының басым бөлігі ауылды жерлерде тұратын аграрлы өңір саналады. Сондықтан, бізге шетелдік әріптестермен осы салада жұмыс істеу маңызды. Өзіңіз байқағандай, табиғатымыз бай. Соған байланысты туризмді дамытудың маңызы зор. Келешекте венгерлік бизнесмендерге біздің өкілдермен сұхбат жүргізетін алаң ұйымдастыруға және заңдық кеңес беруге дайынбыз», – деді Палата директоры.

Өткен жылы Қазақстанға жасалған импорт көлемі 17,3 млн. еуроға тең болды. Дегенмен, елші соңғы кездерде қос ел арасындағы тауар айналымның күрт кеміп кеткендігін атап өтті. Бұған себептер де жоқ емес.

«Венгрия мен Қазақстан арасындағы сауда-саттыққа Ресейге қатысты санкциялар кәдуілгідей әсер етті. Тасымал күрделенді. Одан бөлек, қарым-қатынасқа қазіргі дағдарыс та кедергісін келтірді. Алайда, жағдай тұрақтанатындығына, екі жыл бұрынғыдай экспорт пен импорттың көбейетіндігіне сенінім мол. Сондықтан да, біз жолға қойылған әріптестік қатынасымызды қайта жандандырудамыз», – деді консул-атташе.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер