«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шешім бар!

2016 жылғы 30 Наурыз
- Жетісу облысы
10877 просмотров

Кооператив құру арқылы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің бірқатар мәселелері шешілмек

ӨКП мамандарының талдау нәтижелеріне қарап, осындай қорытындыға келуге болады.

Сарапшылар жеміс пен көкөніс өнімдерін өткізудегі мәселелерді анықтады. Бұл тек қана төлем қабілетіне ие тұрғындардың сұранысының аздығына ғана емес, өткізуді дұрыс ұйымдастырмауына да байланысты екен. Өкінішке қарай, осы себепке байланысты көптеген шаруа қожалығына қаржылық зиян келді. Одан бөлек, жетілген сатып алу жүйесінің жоқтығы, тасымалдаудың, өнімді қайта өңдеу мен маркетингтің қымбаттығы импорттың өсуіне әкеп соқтырды. Ал отандық өнім тіпті ішкі нарықтың өзінде бәсекеге қабілетсіз боп қалды. Мамандардың пайымдауынша, аталған барлық мәселелердің бір шешімі бар.

«Алматы облысының ауыл шаруашылығында жеке қосалқы шаруашылықтың саны көп. Ірі индустриялық ауылшаруашылық кәсіпорындарын құрумен қатар, көтерме сатып алу жүйесінің дамымағандығына, ауылшаруашылық саласының ұсақ тауарлы болуына қатысты мәселелердің ең тиімді шешімі кооперация болмақ. Ауылшаруашылық кооперациялары ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің экономикалық әлеуетін, бәсекеге қабілеттігін және әлеуметтік дәрежесін көтеруде маңызды рөл атқарады», – деген пікір айтты Ауылшаруашылық кешенін дамыту бөлімінің І санатты сарапшысы Дана Жамболатова.

Ескеретіндігі, облыс аумағында ауыл шаруашылығымен айналысатын 47 мың заңды тұлға тіркелген. Бүгінгі таңда Кәсіпкерлер палатасы шаруа қожалықтары мен Алматы облысының тұрғындары арасында «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» заңды түсіндіру бойынша семинар-кеңестер өткізуде. «Жеміс пен көкөніс өнімдері бағыты бойынша 12 ауылшаруашылық кооперативі тіркеліп, құрылған Алматы облысы пилоттық жобалардың бір аумағы. Бұл АӨК-лар ӨКП-ның қолдау көрсетуімен құрылды», – деп сөзін жалғады сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, кооперациялар Алматы облысымен қатар, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында ұйымдастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер