«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«World Skills Талдықорған» байқауы басталды

2016 жылғы 18 Наурыз
- Жетісу облысы
10605 просмотров

Өңірде кәсіби-техникалық мамандықтардың танымалдығын арттыруға бағытталған байқау басталып кетті

Байқауда төрт негізгі мамандық: ақпараттық жүйелер, дәнекерлеу ісі, шаштараз және аспаздық ісі мамандықтары бойынша 62 студент бақ сынауда. Облыста балығы 70 кәсіби-техникалық білім беру орындары бар. Шараны ұйымдастырушылар: Білім беру басқармасы мен Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы.

Айта кетерлігі, бірнеше кезеңнен тұратын жұмысшы мамандықтарының байқауы екінші рет өткізіліп отыр. Әділ қазылар алқасы кәсіпорындардың басшылары мен жұмысшыларынан құрылған. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Алмагүл Оңғарбаеваның айтуынша, бұл байқау кәсіпорындар мен жас мамандардың өзара қарым-қатынасын жолға қоюға мол мүмкіндік береді. «Мұнда зауыт, фабрика, мейрамханалардың басшылары болашақ жұмысшыларымен танысып, олардың жұмысын бақылай алады. Бұл байқауға қатысушылар үшін таптырмас мүмкіндік. Өйткені, біз мұнда олардың кәсіби машықтарын бағалап қана қоймай, жұмыс орнымен де қамтамасыз етуге көмектесеміз», – дейді ол.

Білім беру басқармасының әдіскері Шынар Исаханованың пікірінше, бұл байқау ең үздік мамандарды анықтап, олардың білімі мен біліктілігіне объективті баға береді. «Жұмысшы мамандықтар – инновациялық технологияларды жасаудың қозғаушы күші. Біз ізденімпаз әрі дарынды жастарды марапаттап, ынталандырамыз», – деп сөзін жалғады.

Үздіктер ертең Талдықорғанның политехникалық колледжінде марапатталады. Бас жүлде – 30 мың теңге. Облыстық кезеңнің жеңімпаздарды мамыр айында өтетін Республикалық «World Skills Қазақстан» байқауына жолдама алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер