«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аккумулятор зауыты креативті маркетолог іздейді

2016 жылғы 16 Ақпан
- Жетісу облысы
11718 просмотров

Елдегі жалғыз отандық аккумулятор өндіруші зауыт тауарларын жарнамалау үшін креативті маркетинг маманын іздеуде

«Қайнар АКБ» аккумулятор зауыты Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы қолдауымен ішкі нарықтағы отандық аккумуляторларды жарнамалау стратегиясын жасап шығару мақсатында «Алтын идея» байқауын жариялады.

Жалғыз отандық «Қайнар АКБ» аккумулятор құрастыру компаниясы тауарды ішкі нарықта жарнамалаудың меркетингтік стратегиясын жасап шығара алатын қабілетті маман іздестіріп жатыр. Зауыт жаңаша ойлайтын жастарды тартуды көздеп отыр. «Алтын идея» жобасына 16 мен 35 жас аралығындағы кез келген ниетті жас қатыса алады. Байқауға бірінші болып Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері қатысты. Олар бүгін өндіріспен танысып шықты.

«Ең алғаш бірінші тұрған цехке кіргенде біз қатты таң қалдық. Бес минут бойы біз аузымыз ашылып қарап тұрып қалдық. Біз осынша уақыт бойы Талдықорғанда тұрып, бұл зауыттың ішіне кіріп көрмеппіз. Өндіріс  қарқынынан алған алғашқы әсер ұмытылмайды»,– дейді жас жеткіншектер.

Кәсіпорын бас директорының орынбасары екі сағат бойы аккумулятор зауытының қызметі жайында әңгімеледі. Оның айтуынша, жыл сайын зауыт бір жарым миллионнан астам аккумулятор өндіреді, биыл кәсіпорын бұдан да көп өндіруді жоспарлап отыр.  «Жақында біз Ресеймен шартқа отырдық. Өнім көлемі артып келеді, сондықтан да кәсіпорынға мықты мамандар қажет», – дейді «Қайнар АКБ» ЖШС бас директорының орынбасары Олег Кабанов.

«Алтын идея» байқауының алғашқы әлеуетті қатысушыларымен кездесу іске асты. Балалар отандық аккумуляторларды ішкі нарықта ілгерілету және таныту жөніндегі мүмкіндіктерін Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына жоба түрінде ұсынды. Байқау нәтижелері бойынша үздік қатысушы таңдап алынып, оған «Қайнар АКБ» ЖШС-да ай сайын жалақы төленетін жұмыс ұсынылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер