«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірлік кеңеске арналған Тимбилдинг

2016 жылғы 01 Ақпан
- Жетісу облысы
9601 просмотров

ӨКП Өңірлік кеңесінің алдына қойған бірінші міндеті – ниеттестер командасына айналу

Осыған байланысты Өңірлік кеңестің мәжілістері әртүрлі форматта өтуі тиіс деген шешім қабылданған. Бірінші «галстуксыз кездесу» облыстың ірі кәсіпкерлерінің бірі, Өңірлік кеңестің мүшесі Бақыт Атайбековтың кәсіпорнында – Қапшағай қаласындағы «Агро фуд» элеваторында өтті.

Мұнда «Ауыл шаруашылығы кооперациялары туралы» заңын талқылау, сондай-ақ, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, субсидиялар туралы және т.б. мәселелер  қызу пікірталас туғызды. «Атамекен» ҚР ҰКП Тамақ өнеркәсібі комитеті Хатшылығының Хатшысы Ербол Есенеев атап өткендей, «кооперация – бұл ұсақ және орта шаруашылықтардың физикалық бірлестігі емес». «Мұндағы ең маңыздысы – бұл экономикалық кооперация. Заңның барлық шараларында экономикалық ынталындыру қарастырылатын болады», – деді Ербол Есенеев.

Алматы облысы кооперативтік бірлестіктер құрылатын сынамалы облыстың бірі болып табылады. Пікір алмасу өткір болды, кездесуге қатысушылар қаржыландыру, түрлі тетіктер, адам факторы жайында сөз қозғады. Өңірлік кеңестің барлық мүшелері, өздерінің қызмет саласының басқа екендігіне қарамастан, әңгіменің байыбына барып, ықыласпен қызыға тыңдады. Өйткені, олардың әрқайсысы өз ауданының бизнес-қоғамдастығының атынан келді, және де мемлекет пен «Атамекен» ҰКП қойып отырған міндеттерді ауылдастарына жеткізетін де дәл солар.

Қонақтар элеватордың жұмысымен танысты, көпке танымал және жоғары сапалы «Астаналық» ұнының қалай шығарылатынын бақылады, мал шаруашылығына арналған құрама жемнің және тағы басқалардың қалай өндірілетінін көрді. Элеватордың 80 жұмыскері қонақтарға осызамандық қондырғыларды көрсетті, өз ұндарынан әзірленген бәліштер мен тоқаштардан дәм татқызды.

«Dinara-Ranch» агрофирмасының асыл тұқымды мал зауыты Балқаш ауданында орналасқан, оған баратын жол алыс болса да, жайлы автобустарға отырған қонақтарды  музыканттар халық әндерімен, термелермен тербеп барды.

Бақыт Атайбековтың кәсіпорнында қонақтар ерекше әсерге бөленді. 10  мыңдай іріктелген мал басы, қазіргі заманғы техникамен және жабдықтармен жарақталған жеке мал шаруашылық кешені, суармалы егістік пен жайылымдар. Мұнда күріш, бидай, арпа, жүгері егумен айналысады.

«Dinara-Ranch» агрофирмасының асыл тұқымды мал зауыты аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі. Шаруашылықта ұсталатын негізгі мал тұқымдары – герефорд пен қазақы ақбас, ангус. Бақыт Атайбеков Қазақстан Герефорд Палатасының президенті болып табылады. Бүкіләлемдік Палатаның канадалық президентінің өзі Бақыт Атайбековтың шаруашылығын аралап көріп, осы тұқымды біздікіндей қатал климаттық жағдайға қалай бейімдеуге болатынын көріп, таңдай қаққан еді.

Өңірлік кеңес мұнда да өз жұмысын жалғастырды. Жұмыс тобын құрып, кооперация жөніндегі жол картасын әзірлеу жөнінде шешім қабылданды, өңірлік кеңестің жұмыс жоспары қаралып, бекітілді және т.б.

Бизнесмен үшін туған ауылы – бейне бір өмірлік күш-қуат беретін бұлақ іспетті. Балабақша, аурухана, мейрамхана, қызметкерлерге арналған үйлер – осының бәрі Бақыт Атайбеков іске асырып жүрген әлеуметтік жауапкершіліктің бір бөлігі ғана.

«Шаруашылық басшысының сөзі есімде сақталып қалды: «20 грамдық қарлығаштар ұшып келіп, өз ұяларын салады, ұрпағын өсіреді, балапандарын ұшуға, өмір сүруге үйретеді де, 6000 шақырым жолды басып өтіп, жылы елдерге сапар шегеді. Ал көктемде өздерінің есейіп қалған түлектерімен тағы да қайта оралып, жаңа ұя салуға кіріседі.  Мен қарлығаштардан көп нәрсе үйрендім, олар маған өмірлік сабақ берді. Сол себепті мен барлығыңызды өзіміздің кіші Отанымызды, кішкентай ауылымызды, ондағы өзің туып-өскен әке үйін ұмытпауға шақырамын». Керемет сөздер, керемет шаруашылық, ұлы еңбек, ұлы патриотизм. Көргеніміз бен естігенімізден кейін мен өзімнің Отанымды, өзімнің Қазақстанымды бұрынғыдан да қатты сүйе бастадым. Рахмет, Бәке, бәрі үшін: қонақжайлылығыңыз үшін, еңбегіңіз үшін, халыққа қамқорлығыңыз бен сүйіспеншілігіңіз үшін! Гүлдене беріңіздер!», – деді өз сөзінде Өңірлік кеңестің мүшесі Күләнда Батырбекова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер