«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дело сдвинулось с ме

2015 жылғы 15 Желтоқсан
- Жетісу облысы
8479 просмотров

Гидрогеологиялық ұңғымаларды тоқтатып қою актісінің мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылды

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС жүгініп, Палатаның гидрогеологиялық ұңғымаларды тоқтатып қою мерзімін ұзартуға жәрдем көрсетуін сұрады.

«Кәсіпорын «Оңтүстікқазжерқойнаулары» өңіраралық аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану департаментіне, Алматы облысы Экология департаментіне ұңғымаларды тоқтатып қою0 мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстарды қабылдау бойынша комиссия құру туралы сұрап бірнеше мәрте жүгінген болатын. Алайда үнемі бас тартылып отырады. Оған аталмыш органдардың комиссия құруға құзырлы болып табылмайтыны алға тартылатын. Осыған байланысты «Филип Моррис Қазақстан» түйткілі шешілмей қалады», - дейді ӨКП құқықтық блогының сарапшысы Думан Керімбаев.

Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік орган өкілдерімен жұмыс кездесуін ұйымдастырып, оның қорытындысы бойынша Алматы облысы бойынша Экология департаментіне гидрогеологиялық ұңғымаларды уақытша тоқтатып қоюды ұсынды. Басқа мемелкеттік органдарға ҚР заңнамасына жер қойнауын пайдалану нысандарын тоқтатып қоюды ұзарту тәртібі мәселесі бойынша, сонымен қатар заңнамада ескерілмеген гидрогеологиялық ұңғымаларды тоқтатып қоюдың басқа да  мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.

Өңірлік палата заңнамада гидрогеологиялық ұңғымаларды тоқтатып қою және жою мәселелері бойынша, сонымен қатар заңнамада ескерілмеген гидрогеологиялық ұңғымаларды тоқтатып қоюдың басқа да мәселелері бойынша кемшіліктерді толықтыру қажеттігі туралы ұсыныстарын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолдады.

Бүгінде кәсіпкер түйткілі шешімін тапты. Гидрогеологиялық ұңғымаларды тоқтатып қою актісінің мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылды.

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС Алматы облысында орналасқан заманауи фабрикасы бар. Бүгінде компания Қазақстанда сату үшін де, Орталық Азияның басқа да елдеріне экспорттау үшін де, танымал халықаралық брендтердің кең сұрыпталымын шығарады. 

«Түйткіліміз 3 жыл бойы шешілмей келген еді, - дейді «Филипп Моррис Қазақстан» ЖШС сыртқы байланыстар жөніндегі басқарушысы Айдос Смайылов. – Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының көмек және қолдау көрсеткені үшін көп рахмет. ӨКП заңгерлерінің жоғары кәсіпқойлығы үшін алғыс айтамын. Ендігі жерде ҚР ҰКП және бейіндік министрлікпен заңнамадағы кемшіліктердің жойылуын пысықтау қажет».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер