«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес жүргізу жеңілдеп келеді

2015 жылғы 14 Желтоқсан
- Жетісу облысы
10459 просмотров

ӨКП сұхбат алаңдары бизнестің көптеген толғақты түйткілдерін талқыға салып, шешімін табуға мүмкіндік береді

Субсидиялау түйткілі, көбіне сапасыз өнімнің шектеусіз әкелінуі, жеке өнімді өткізудегі қиындықтар саладағы өңірлік кәсіпкерлер алдында осы және басқа да көптеген мәселелер тұр.

«Бір жақсысы, өз түйткілімізбен өзіміз жалғыз қалып қойған жоқпыз. Мақсаты бизнестің басын біріктіру болып табылатын Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуы дер кезінде болды, -дейді Алматы облысындағы құс өсірумен айналысатын ірі компаниялардың бірінің басшысы «Алель агро» АҚ басшысы Рәзия Жатақпаева. – ҰКП – Үкіметтің толық құқылы серіктесі. Қазақстандағы құс шаруашылығы мәселелері бойынша ҰКП орталық аппаратымен де, өңірлік палатамен де үнемі тығыз байланыстамын.

Құс өсіру саласын субсидиялау түйткілдері бизнес, ҚР ауыл шаруашылық министрлігі, облыс әкімдігі ауыл шаруашылық басқармасы өкілдері, Ұлттық палата, Өңірлік палата, «Қазақстанның Құс өсірушілер одағы» ЗТБ өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген жиналыста талқыға салынды.

Алматы облысы Палатасы 2015 жылы тұтынуға сәйкес облыстың құс өсіру шаруашылықтарын субсидиялау көлемін ұлғайту туралы мәселені көтерді, сонымен қатар құс өсіру саласы аясында кәсіпкерлер үнемдеп қалған немесе игермеген субсидияларды түзету және бөлу мүмкіндіктерін іздестіруді сұрады.

Жиналыс қорытындысы бойынша Алматы облысы әкімдігі үш компанияға құс етіне субсидия төледі. Олар  - «Алатау Кұс» АҚ, «Алель Агро» және «Сары-бұлақ» ЖШС. Субсидия құны шамамен 8,5 млн теңгені құраса, «Сары-Бұлақ» ЖШС, «Көгер ЛТД», «Казақстан кұстары» ЖШС мен «Алсад-Қазақстан» ЖШС-ға тауарлы жұмыртқаға берілген субсидия 150 млн теңгеден астам соманы құрады.

Қазақстандық нарыққа ресейлік бәсекелестердің арзан өнімінің ағылып келуі салдарынан отандық ауылшаруашылық өндірушілер өнімдерін өткізуде түйткілге ұшырасты. Ресейден «сұрқай импорт» келуде, оның үстіне, ешкім де сапаға кепіл болмайды. Ал отандық өнім барлық сапа стандарттарына сәйкес келеді, таңбалауды сақтайды, сонымен қатар, Қазақстанның барлық құс өсірушілері адал ниетті еткізушілер болып табылады.

Қалыптасқан ахуал оларды Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан қайтадан көмек сұрап жүгінуге мәжбүрледі. Бірнеше бірлескен отырыстардан кейін Ұлттық палата отандық агроөнеркәсіпті дамытудың жоспарын ұсынып, аталмыш жоспар Үкіметте мақұлданып, жүзеге асыруға қабылданып та қойды.

«Кәсіпкерлер палатасының құрылуымен бизнесті жүргізу біршама жеңілдеді. Үкімет пен бизнестің әрекеттестігі мәселелерін Палата арқылы шешкеніміз ыңғайлы. ҰКП орталық аппараты мен Ләззат Шыңғысбаева бастаған өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің кәсіпорнымның істеріне үнемі қызығушылық танытып отыратыны көңілімнен шығады. Әрине, алты миллион теңге мөлшеріндегі міндетті мүшелік жарнаны толығымен төлегенім Палата қызметіне сенімімді білдіргенім», - деп жалғады сөзін Рәзия Жатақпаева.

«Алель-агро» АҚ – бұл тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорын. Онда әлемдік жетекші брендтердің заманауи технологиялары қолданылады. Заманауи жабдық, өндіріс технологиялары, жоғары сапалы, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз орау материалдары, сонымен қатар стандарттардың сақталуы кәсіпорынның салада көш бастауына мүмкіндік берді. Алайда қазірде әлемдік нарықта қазақстандық бренд ретінде қалыптасқан әрі өз тауашаларына жайғасқан отандық ірі компанияларға да қолдау қажет.

«Палата қызметінің күшті қырларының бірі кәсіпкерлер құқығын құқықтық қорғау деп санаймын. Қазір жоғары сапалы заңгерлер көмегімен мүддеміз бен құқығымызды қорғау жеңілдеді. Қазақстанның Құс өсірушілер Одағы басқармасының мүшесі бола отырып, әріптестеріммен жиі кездесіп тұрамыз, түйткілдерімізді ортаға саламыз. Алайда Кәсіпкерлер палатасы құратын сұхбат алаңдарының арқасында түрлі салалар бизнесмендерімен араласуға, пікірімізбен және тәжірибемізбен бөлісуге мүмкіндігіміз бар. Бизнес мәселелерінің Үкіметте шешілуіне ҰКП қатысуын қадағалап отыратынымызды атап өткім келеді. Ендігі жерде бизнес мүддесін қозғайтын бірде бір құжаттың ҰКП сараптамалық қорытындысынсыз қабылданбайтыны да маңызды. Бұның өңірлік деңгейге де қатысы бар», - деп қорытты Рәзия Жатақпаева. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер