«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес пен мемлекет іске кіріскенде

2015 жылғы 30 Қазан
- Жетісу облысы
9908 просмотров

Білім беру саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы қызметі бағыттарының бірі білім беру саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Бүгінгі таңда мемлекеттік балалар бақшасында орынның босауын күту өзекті емес, ал көмекке жеке меншік балалар орталықтары мен балабақшалар келеді. Оның үстіне бүгінде халық балаларының мектепке дейінгі тәрбиесі мен мектепке даярлығына біршама қаражат жұмсауға дайын.

ӨКП директорының орынбасары Алмагүл Оңғарбаева Талғар ауданындағы «Дана» жеке меншік мектебінде өткен семинарда осы жайлы және МЖӘ келешегі жайлы сөз етті. Мектеп әлеуметтік жауапкершілік және бизнес пен мемлекет әрекеттестігінің жарқын мысалы болды.

Кәсіпкерлер балаларға жан-жақты білім беретін түрлі жалпы білім беретін мектептер, балалар бақшаларын, білім беру орталықтарын ашып жатыр. Осындай мекемелердің бірі Талғар ауданында салынған «Дана» бастауыш мектебі болып табылады. Жақында ашылған мектеп кәсіпкер Батырбекова Күләндә Уәлиханқызының басшылығымен салынған еді. Бүл жанашыр кәсіпкердің қолынан шыққан жалғыз іс емес. Күләндә Уәлиханқызы салған 250 орындық «Еркем-ай» балабақшасы балаларды қуантып жүр. Осы игі істердің барлығы балалардың сапалы білім алуына және елдің дамуына өз үлесін қосуына мүмкіндік береді.

Балаларға арналған бастауыш мектепте бар жағдай жасалған. Әдістемелік құралдармен және заманауи жабдықтармен толықтай қамсыздандырылу, спорт залы, түрлі үйірмелер, медициналық кабинеттер. Балаларды сауықтыруға арналған массаж кабинеттері қарастырылған. Білікті педагогтар қызмет ететін ұжымда ағылшын тілін шетелдік маман оқытады. Күләнда Уәлиханқызы барлық бастамаларында өз жұмысына деген, балаларға деген сүйіспеншілікті, ең бастысы, олардың жарқын болашағына деген үмітін аңғартады. «Бір жылға ерте ойласаң – тұқым отырғыз. Егер онжылдыққа ерте ойласаң – ағаш ек. Бір ғасырға ерте ойласаң – адамды тәрбиеле», - дейды шығыс даналығы. Қайырымды жанның бір ғасыр бұрын ойластырған ісі ескеріліп, лайықты бағаланса дейміз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер