«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҚХР инвесторлары Кәсіпкерлер палатасының қызметін қолданып жүр

2015 жылғы 26 Қазан
- Жетісу облысы
8987 просмотров

Қытай Халық Республикасынан келген бизнесмендерде көші-қон және қылмыстық заңнама төңірегінде көптеген сауалдар жинақталып қалыпты

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына Қытай Халық Республикасынан келген, Талдықорған қаласында тіркелген «C.F.» ЖШС компаниясының құрылтайшылары болып табылатын инвесторлар жүгінді.

Компания құрылыс арматурасын өндірумен айналысады. Бүгінде фирма ұзақ мерзімді жалдау шартын жасасқан және жұмыс көлемін арттыруды жоспарлауда, ал бұл болашақта қосымша жұмыс орындарын жасақтайды.

Бизнесмендер көші-қон және қылмыстық заңнама мәселелері бойынша түсіндірулер беруді сұрайды.

ӨКП сұхбат алаңында КХР өкілдерінің мүдделі және уәкілетті мемлекеттік органдармен кездесуі ұйымдастырылып, Палата сарапшылары онда қытайлық инвесторларға консультация берді. Тараптар өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер