«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті өңір ерекшелігін ескере отырып дамыту

2015 жылғы 14 Қазан
- Қызылорда облысы
13809 просмотров

Қызылордада өңірлік даму картасы жасалуда

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін өңірлік даму картасын дайындауға қатысуға шақырады.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша зерттеу жүргізіп жатқанын атап өту керек. Мақсаты – өңірдің ерекшелігі мен мүмкіндіктерін ескере отырып әрбір өңірде кәсіпкерлікті экономиканың қандай салаларында дамыту мүмкін әрі оңтайлы болады деген сауалға жауап алу.

Ұлттық палата Картаны тиімді ұйымдастыру мақсатында республикалық жұмыс тобын құрды. Оның құрамына ҰКП, жергілікті атқару органдары мен өңірлік палаталар өкілдері кірді.

Картаны дайындау жөніндегі серіктестер – Қазақстандық индустрияны дамыту институты, Инвестициялардың тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттік және кәсіпкерлік саласында зерттеулер жүргізу жөніндегі мамандандырылған компаниялар.

Негізгі түйткілді мәселелер мен кедергілердің тікелей шағын бизнестен бастап ірі бизнеске дейінгі бизнес-құрылымдар өкілдері арасында сауалнама жүргізу және сұхбат алу жолымен анықталатынын атап өту керек.

Сонымен, мамандар облыс және аудан орталықтарын қамтыды. Мемлекеттік органдар, қаржы ұйымдары өкілдерімен сауалнама жүргізіліп, жергілікті кәсіпкерлермен сұхбат жасалды. Аталмыш шаралар өңірдегі бизнесті көтеруге және жақсартуға сеп болады.

Есептік кезеңде облыс бойынша 280 кәсіпкерден сауалнама алынды. Бұл жоспарланған жұмыстың жалпы санынан 54 пайызды құрайды. Осыған орай Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді ұйымдастыру жұмысына, анығын айтқанда, сауалнамаға, өзекті мәселелерді шешуге белсене қатысуға шақырады.

Сауалнама мен сұхбатқа қатысу кәсіпкерлерге не береді?

Аталмыш шара негізгі әкімшілік кедергілерді және кәсіпорындардың тұрақты дамуына бөгет жасайтын шектеулерді анықтауға және жоюға, мемлекеттік бағдарламаларды шоғырландыруға және тиімді түрде іске асыруға көмектеседі.

Ірі және орта кәсіпорындардың республикалық ортақ деректер базасы жасақталып, ол болашақта өңірлік кооперацияға және бизнес жөніндегі серіктестерді іздеуге сеп болады. Ол үшін кәсіпкерлердің онлай-режимде электронды форманы толтыруы қажет. Әлеуеті жоғары кәсіпкерлердің бірыңғай деректер базасына кіруге мүмкіндігі бар.

Осы жылдың соңына қарай дайындалып болатын Өңірдің даму картасы өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту әлеуетінің басымдылықты бағыттарын анықтауға, инвестициялық жобалар пулын қалыптастыруға және ақыр соңында халықтың әл-ауқатына әсер етуге көмектеседі деп күтілуде.


Ұқсас жаңалықтар:

Батырманы бассаң жетеді
29 Сәуір
2016
Жамбыл облысы
Өңірлік дамыту картасы
10 Қыркүйек
2015
Қостанай облысы
Кәсіпкерді не алаңдатады?
9 Қыркүйек
2015
Жетісу облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер