«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тегін бухгалтерия қостанайлық бизнесмендердің көңілінен шығуда

2015 жылғы 21 Қыркүйек
- Қостанай облысы
11004 просмотров

Қостанай облысы Кәсіпкерлікті қолдау орталығына (КҚО) жүгінген бизнесмендер арасында бухгалтерлік қызметтер көптеп сұралуда.

Өңірдегі Кәсіпкерлер палатасы осындай статистиканы жария етті.

Маусым айынан бастап, тегін, сервистік қызметтер көрсетудің кезекті кезеңі бастау алған кезде, КҚО-ға 1300 бизнесмен жүгініпті. Клиенттердің 50% астамы – бухгалтерлік мәселелерде көмек сұрай келген.

«Көбінесе салық есептілігін даярлауды және жіберуді сұрап келеді. Клиентердің ағыны тоқсан соңында көбейеді, себебі мемлекеттік органдарға уақытында тапсырмау айыппұл қаупін төндіреді. Сондықтан да кәсіпкерлердің кезекті ағылуын қазан-қараша айларында күтіп отырмыз», - деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы сервистік қолдау сарапшысы Ләйла Ақтаева.

Жақында Федоров ауданында консалтингілік компания өкілдері бірден 50 жеке кәсіпкерге 1С бухгалтерия бағдарламасын орнатып берді. Палата консультанттары өз кезегінде онда қалай жұмыс жасау керектігін түсіндірді.

«Бұл ауылдық бизнесмендер үшін үлкен сый болды. Лицензиялы бағдарлама негізінде арзан тұрмайды, ал сегізінші нұсқасы әлі бірнеше жыл өзекті болмақшы. Бағдарламадағы жұмыс жасау ережелерінің өзгеріп тұратынын ескере отырып, мамандарымыз алдағы жаңа енгізілімдерді түсіндіріп отыруға дайын», - дейді Ләйла Ақтаева.

Кәсіпкерлер палатасы сервистік қолдаудың тегін көрсетіліп отырғанын баса көрсетуде. Ал онымен бірге, бухгалтерлік қызметтермен бірге маркетинг, менеджмент және ақпаратық технологияларға қызмет көрсету саласындағы қызметтер, сонымен қатар заңгерлік консультациялар, кеден және мемлекеттік сатып алулар саласындағы қызметтер қолжетімді.

Қостанайда мұндай қолдауды Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ұсынса (Әл-Фараби даңғылы, 116 және Әл-Фараби даңғылы, 65), аудандар мен облыстың моноқалаларында – Палатаның әрбір филиалы жанынан құрылған Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында көрсетіледі. Шалғай жатқан ауылдық округтерге сапарларды, кестеге сәйкес, арнайы автобус – Мобильді қолдау орталығы жүзеге асырады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер