«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қытайдың ірі аграрийлері Қазақстанда қант зауытын тұрғызуды жоспарлауда

2015 жылғы 21 Қыркүйек
- Жетісу облысы
12240 просмотров

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының басшылығы Аспан асты еліне жасаған сапардан келешегінен үміт күттіретін жобалармен оралды

Қытай әлемдік экономикамен тығыз байланыста, және де бұл ел халықаралық бизнес дамуына қарамастан, ірі ойыншы болып қала береді. Ықпалды көршімізбен серіктестік қатынастар орнату және инвесторлар іздестіру Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы қызметінің басымдылықты бағыттарының бірі болып табылады.

Жақында ӨКП директоры Ләззат Шыңғысбаева Нинься провинциясының Инчуань қаласына (ҚХР), экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қытай-араб форумына барып қайтты.

Сапар табысты болды. Сөйтіп, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Нинься провинциясының губернаторы бірқатар меморандумдарға қол қойды, соның ішінде Алматы облысында қант зауытын салу, Ақсу ауданында қант қызылшасын өсіру, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру, егіншілік пен қайта өңдеудегі инновациялық технологияларды дайындау және енгізуден тұратын ауылшаруашылық паркін құру бойынша.

Тараптар сонымен қатар қытай технологияларының базасында Алматы облысында жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу көлемін ұлғайту, лабиринтті тамшылай суару технологиясын енгізу, жылыжайлар, сүтті-тауарлы фермалар салу туралы келісімге келді.

«Бірлескен жобаларды жүзеге асыруға провинцияның ірі мемлекеттік ауылшарушаылық компаниялары тартылады. Екі өңірдің ынтымақтастық жобаларын алға жылжытып отыратын Іскерлік кеңес құру туралы шешім ұсынылды», - деді ӨКП басшысы.

Инчуань қаласында да қытай кәсіпкерлері мен туризмді дамыту жөніндегі ғалымдар Жібек жолын қайта жаңғырту жобасының аясында келешегі бар ресурстық және энергия үнемдеуші құрылыс материалдары өндірісі, заманауи медицина орталықтарын құру мәселелерін талқыға салды. Қытай-араб технологиялар трансферті мен даму қоры да бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қатысуға дайын екенін білдірді.

Экологиялық таза өнімдерді өндіру және оларды Қазақстаннан Қытайға жеткізу, қайта өңдеуді дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстандық делегация сонымен қатар Солтүстік ұлттар университетінде болып қайтты. Онда қытай тарапы бөлген гранттармен қазақстандық жастар Аспан асты елінің тілін үйреніп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер