«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қытай бағытымен

2015 жылғы 24 Тамыз
- Жетісу облысы
9653 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы отандық бизнесмендер үшін өткізу нарықтарын кеңейтуге жағдай жасайды

Алматы облысы кәсіпкерлері үшін бүгінгі күні ауылшаруашылық өнімді өткізу мәселесі ең өзекті болып табылады. Оны шешудің бір жолы Қытайға жеміс-көкөніс өнімдерін экспорттау болып табылады. Оның үстіне, қытайлық әріптестер қазақстандық экологиялық таза өнімдерді сатып алуға ниет білдіріпті.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Эдуард Ким және Кәсіпкерлер палатасы Сарқан филиалының директоры Фархат Әбдірахимов Синьзянь-Ұйғыр автономдық округінің Боро-Тала-Моңғол автономдық республикасы басшылығымен және Алашанькоу қаласы әкімшілігімен, Ю Ли-Ся және Кенжеғали Мэмижанмен, сондай-ақ әлеуетті инвесторлармен кездесу өткізді.

Сапар нәтижесі бойынша СҰАР Боро-Тала-Моңғол автономдық округі Саудаға жәрдемдесу қауымдастығы мен Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы арасында экономика және сауда саласындағы ынтымақтастық туралы және шекаралық туризм саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаларға қол қойылды.

Алакөл ауданында тұтынушылық кооперация жобасын жүзеге асыру аясында жеміс-жидек дақылдарының дамыған шикізат базасы бар «Үйгентас Береке» Өндірістік кооперативі» ЖШС жобасы ұсынылды. Жоба қытайлық шырын шығаратын ірі компанияның  қызығушылығын тудырып, ол инвестор әрі жабдықтарды жеткізуші болмақшы. Шырын өндіру желісі «Алашанькоу» Арнайы экономикалық аймағында, ал концентраттар өндіру жөніндегі жабдық Алакөл ауданында орнатылатын болады. Қытайдың ішкі аудандарына өнімді өткізумен Арнайы экономикалық аймаққа жақын жерде салынып жатқан Сауда Үйі айналысады. Жоба сонымен қатар Ресей мен басқа да ТМД елдеріне кептірілген жемістер жеткізумен айналысатын қазақстандық «Досманбетов» ЖК дистрибьюторлық компаниясының да қызығушылығын тудырды.

Келіссөздер аясында ауылшаруашылық өндіріс саласындағы басқа да жобалар, Алакөлдегі туристік нысандар, құрылыс материалдары өндірісі және басқалары ұсынылды.

Өкінішке орай, бүгінде қытайлық тараптан бұқаралық туризмнің дамуына бұзылып жатқан «Достық-Үшарал» жолы кедергі келтіріп отыр. Бірақ қытайлық тарап автомагистральді өз қаражаттарына салып беруге дайын. Сонымен қатар ҚХР азаматтарының Алакөлге үш күндік визасыз баруы құқығын орнату мүмкіндігі жайлы мәселе де қаралды. Қытайлық тарап осы мәселе бойынша Қытай Сыртқы істер министрлігіне жүгінеді деген шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер