«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

17 миллион теңгені қорғап қалды

2015 жылғы 19 Тамыз
- Жетісу облысы
9218 просмотров

Талдықорғандық бизнесмен бірнеше рет өткен сот тыңдауларында заңды 17 миллион теңгесін қорғап, әділдік іздеді.  

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта кәсіпкерлердің мүддесін алға тартуды жалғастыруда. Палата заңгерлері экономикалық дағдарыс жағдайында қиындыққа ұшыраған кәсіпкерлерге көмектеседі.   

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына «Арлан-Жоба құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Валерий Ан жүгінгенін еске саламыз. Ұсынылған құжаттарға сәйкес, «Талдықорған қаласы Құрылыс бөлімі» ММ мен «Арлан-Жоба құрылыс» ЖШС арасында «Талдықорған қаласы Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданының 6 және 7 шағын аудандарында орналасқан түрлі биіктіктегі көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы» нысаны бойынша 17 000 000 теңге сомасына техникалық-экономикалық негіздемені дайындауға мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасалған. «Шарт бойынша мойнымызға алған міндеттемені адал ниетпен орындап шықтық, мерзімінде аяқтадық. Алайда мемлекеттік орган өкілдері бірқатар себептерді желеуретіп, орындалған жұмысты қабылдаудан, сәйкесінше, ақша төлеуден бас тартты», - деп түсіндірді талапкер өкілдері.

Алматы облысы КП әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі бөлімінің 1 санатты сарапшысы Диас Оташбаевтың айтуынша, Кәсіпкерлер палатасы сот дауын шешуге белсене араласқан. Азаматтық істі қарау нәтижесі бойынша «Арлан-Жоба құрылыс» ЖШС қуыным талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. Осылайша, кәсіпкер құқығы қорғалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер