«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнес-Кеңесші» - Ақсу ауданында

2015 жылғы 30 Маусым
- Жетісу облысы
11808 просмотров

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Ақсу ауданындағы филиалы аудандық кәсіпкерлік басқармасымен бірге бизнес-тренер Александр Кузнецовтың басшылығымен «Бизнес-Кеңесші» кәсіпкерлік қызметін жүргізу негіздері бойынша семинар-тренинг өткізді.

Семинарда тікелей кәсіпкерлік қызметке қатысты маңызды тақырыптар талқыланды: жеке бизнесті ашу және тіркеуден бастап, бизнес-идеялар мен жобалар құру және қорғауға дейін. Оқыту кәсіпкерлікке кіріспе курс, бизнес-жоспарлау негіздері, кәсіпкерліктің заңгерлік аспектілері, маркетинг қызметі және басқа да курстардан тұрды. Семинар барысында материалды бекіту үшін практикалық жаттығулар жүргізілді. Білім алушыларға дидактикалық материал да ұсынылды.

Бизнес жүргізу дағдыларына 18 адам үйреніп, семинар аяқталған соң сертификаттарға ие болды. «Бизнес-Кеңесші» семинары «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту Бірыңғай бағдарламасының төртінші бейқаржылық бағытының аясында тегін негізде өткізілетінін атап өту керек.

«Семинар біз үшін танымдық әрі пайдалы болды. Аса жоғары деңгейде өтті, материал түсінікті, қарапайым болды. Алматы облысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына осындай маңызды семинар ұйымдастырып, өткізгені үшін алғыс айтқымыз келеді. Көп дүниеден хабардар болдым, бұл бизнесімді дамытуда көмектесетін болады», - деді семинардан өткен кәсіпкерлердің бірі Жарқын Сауғамбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер