«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тимур Құлыбаев: Алматы облысының транзиттік әлеуеті ерекше

2015 жылғы 31 Наурыз
- Жетісу облысы
11197 просмотров

Қазақстанда туризмді дамыту үшін осынша үлкен мүмкіндіктерге ие басқа бір өңір жоқтың қасы. «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Талдықорғанда өткен Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысы барысында Алматы облысына осындай сипаттама бере кетті. ҰКП басшысы сонымен бірге туристік бизнес пен көлік саласын дамытудағы салмақты түйткілдерге назар аударды.

«Әлеует аса зор! Алайда әуежайдан бастап барлық инфрақұрылымды дамытумен айналысу қажет: өздеріңіз ойлап қараңыздар, бүгінде облыс орталығына әдеттегі сапарлық ұшақпен ұшып келу мүмкін емес», - деді Тимур Құлыбаев. – «Табиғаты әсем басқа да өңірлеріміз баршылық, алайда онда климат жағдайлары қатаң. Ал мұнда бұл бағытты дамытуға болады және дамыту қажет».

Қытай және басқа елдерге шыға алатын Алматы облысының көдік-логистикалық мүмкіндіктері де бірегей. Халықаралық маңызы бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль көлігі де дәл осы жерден басталады. Темір жол қатынасының тармақталған торабы да әрекет етеді.

«Көлік-логистикалық бағытты дамытып, осыған орай хаб құру бойынша пилоттық жобаны іске қосу қажет. Жоба күллі республика үшін үлгі болуға тиіс: басқалары мұның қалай жасалып жатқанын көрсін», - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.

Өңірлік бизнесті дамыту мәселелері де талқыланды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ҰКП-мен бірлескен жұмыс жайлы да айтып берді. Оның айтуынша, бизнесмендер жеткілікті деңгейде белсенді, алайда олардың көптеген жобалары сыртқы инвесторлар тарапынан қолдауды талап етеді.

«Аудандарда бизнесті қолдау жөніндегі орталықтар құрып жатырмыз. Біз бизнесті, әсіресе ауыл шаруашылық өнімдері саласында, дамытуға дайынбыз. Өңір кәсіпкерлерімен кездесулер де өткізіп, осы кездесулер қорытындысы бойынша инвесторлар қолдауын талап ететін жобалармен 60-тан астам өтінім келіп түсті. Біз оларға жағдай жасауға, жер беруге, инфрақұрылым тұрғызуға дайынбыз», - деп сендірді ҰКП Өкілдерін облыс әкімі Амандық Баталов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер