«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Салық және кадрлар тапшылығы жайлы

2015 жылғы 31 Наурыз
- Жетісу облысы
11128 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің Талдықорғанда өткен кеңейтілген жиналысы барысында жергілікті кәсіпкерлер «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығына жүгініп, бизнестің түйткілдері жайлы сөз етті.

Ауылшаруашылық өндіруші Виктор Хильниченко Елбасының өңірде қант қызылшасы өндірісін қайта жандандыру міндетін алға қойғанын еске салды. алайда бұл мәселеде түйткілдер жетіп артылады: қызылшаны үлкен көлемде өсіру мүмкіндігі баршылық, алайда оны қайта өңдеуші зауыттар өткен ғасырдың 30 жылдары тұрғызылған.

ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев қызылша өсірушілеріне төленетін субсидиялар мөлшеріне қызығушылық танытты. Ауылшаруашылық министрлігінің алдында қант зауыттарын жетілдіру жайлы мәселені көтеруге уәде берді.

Кәсіпкерлер көбінесе ИИДМБ және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясындағы салықтар мен артықшылықтар жайын сұрастыруда. Тимур Құлыбаев бизнесмендерге еліміздің Үкіметімен келіссөздер жүргізіліп жатқаны жайлы хабарлады.

«Енді ғана іске қосылып жатқан кәсіпорындар үшін бес жылдық жеңілдікті кезең ұсынуды сұраймыз. Осы мерзім бойында олар салықтан босатылатын болады. Бұл ұсыныспен Үкіметке жүгініп те қойдық», - деп хабарлады Тимур Құлыбаев. 

Ауылдық кәсіпкерлер аграрлық сектордағы кадр жетіспеушілігіне назалануда. Алдымен ветеринарлар жетіпсейді екен. Елімізде Фермерлер мектебін құру бастамасы да ортаға салынды. Ұлттық палата бұл ұсынысты қолдап отыр.

«Біз Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге тілдестік. Алматы облысында мектеп құру мәселесі іс-шаралар жоспарына енгізіліп те қойды», - деп атады «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

Өңірдегі балық шаруашылығының өкілдері өз кезегінде соңғы жылдары 20 пайызға қымбаттап кеткен балық өсіретін материал мен азықты субсидиялау туралы мәселені қарауды сұрап жүгінді.

Ұлттық палата басшылығы жиналыста айтылған түйткілдерді бейіндік министрліктермен және ведомстволармен талқылауға сөз берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер