«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іскер ханымдар бірігуде

2015 жылғы 31 Наурыз
- Жетісу облысы
10719 просмотров

Алматы облысында Іскер әйелдер кеңесі құрылды.

Талдықорғанда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған облыстық Іскер әйелдер кеңесінің құрылтай отырысы өтті. Отырысты ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының Басшысы  Ләззат Рамазанова ашты.

Алматы облысы кәсіпкер әйелдердің коммерциялық емес ұйымы құрылған өңірлер «бестігінің» қатарына кірді. Бизнесвумендердің шоғырлануға ұмтылысы жалпы ұлттық тренд сипатын алып келеді.

Ләззат Рамазанованың сөзіне сүйенсек, бүгінде ісін бастаушы кәсіпкер әйелдерді қызықтыруы мүмкін жобалар тобын қалыптастыру қажет. Елдегі және әлемдегі экономикалық өзгерістер олардың алдынан жаңа мүмкіндіктер ашуда. Сондықтан да Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестегі ханымдарды start-up және әрекет етуші жобаларда қолдауға дайын.

- Өңірлік іскер әйелдер кеңестері – бизнестегі әйелдер бастамасын дамыту бойынша күштерді шоғырландыруға арналған алаң. Бүгінде ҰКП, әрбір кәсіпкер әйелдің бизнес саласында жүзеге асырыла алуы үшін, бар жағдайды жасап отыр. Біздің міндет әйелдер үшін үлгілік жобалардың типтік топтамасын қалыптастыру, олар түрлі себептермен экономикалық тұрғыдан белсенді емес, алайда жеке бизнесті ашуды ойластыруда. Кеңестің құрылуымен өңірлердегі кәсіпкер ханымдар сұхбат алаңына ие болып, онда серіктестік жасайды және өз өнімі үшін жаңа өткізу нарығын табатын болады, - деп мәлімдеді Ләззат Рамазанова.

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығы Басшысының ақпараты бойынша, Алматы облысында бүгінде миллионнан астам әйел бар екен. Алайда өзін өзі жұмыспен қамтушылар саны өңірде бар-жоғы 181 325 адам, ал оның ішінде қырық мыңға жуық әйел қалада тұрады. Экономикалық белсенділік теңгерімі ауыл пайдасына болмасы анық. Ләззат Рамазанованың айтуынша, әйелдер жұмысбастылығының ұлғаюы Кәсіпкерлер палатасы жұмысының негізгі басымдылығы болмақшы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер