«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтар – тиімді шешім

2018 жылғы 15 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
7089 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жыл басынан оқу орталықтарында 446 жұмыссыз азамат оқып, оынң 220-сы жұмысқа тұрды.

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 13 оқу орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 11 оқу орны Палата бастамасымен ашылып, кәсіпорындар жақсы маманмен қамтылып, ал кәсіби-техникалық колледждер студенттерінің кәсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында құрылған.

«СҚО кәсіпкерлер палатасы қолдауымен облыста 13 оқу орталығы ашылды. 11 оқу орталығы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Тізіліміне енді. Тізілім былтырдан бері жүргізіліп келеді. Жалпы алғашқы оқуорталықтар өз жұмысын 2014-2015 жылдары бастаған. 2018 жылдың бірінші жартысында кәсіпорныдардың 1436 қызметкері дайындық, қайта дайындық, біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асқаннан бастап, Тізілімге енген оқу орталықтары жұмыссыз азаматтар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша дайындауға атсалысты. Осылайша бірнші жартыжылдықта 8 оқу орталығында 446 жұмыссыз азамат оқудан өтті, 220 адам жұмыспен қамтылды», – деді СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ирина Топорова.

Сарапшының айтуынша, мұндай орталықтар кәсіпорындар жанынан құрылған. Демек, кәсіпорындар өздеріне лайықты, өндірістегі нақты жабдықтармен жұмыс істеуді меңгерген қызметкерлерді дайындауға мүмкіндіктері бар.

 «Орталықтардың көбі кәсіпорындар жанынан құрылған, яғни кәсіпорындар өздеріне керек қызметкерді дайындай алады. Олардың қатарында «Радуга» ЖШС, «Швейная фабрика школьной и детской одежды» ЖШС, мейрамхана мен қонақүй қызметкерлері қауымдастығы және тағы басқа кәсіпорындар бар», – деді Ирина Топорова.

 Өз жанынан оқу орталығын ашып, тиімділігін бағалаған кәсіпорындардың бірі көппрофильді «Радуга» компаниясы – «Қазақстанның үздік тауары-2018» өңірлік көрме-байқаудың «Үздік азық-түлік тауары» аталамы бойынша жеңімпазы атанды.

 Бастапқыда компания дистрибьюциямен айналысқан, ал қазір компания ассортиментін көбейтіп, азық-түлік өндіретін ірі компанияға айналды.

 «Компаниямыз тұрақты өсіп кеңейіп келеді. Ал кеңейюді әр кезеңінде бізге білікті мамандар керек. Былтыр СҚО Кәсіпкерлер палатасы базамызда оқу орталығын ашуды ұсынғанда бірден келістік. Сол уақытта жанымыздан металлопластикалық заттар зауыты ашылды да бірқатар мамандар қажет болды. Осылайша оқу орталығын ашып мәселені шешіп алдық. Былтырдан бастап, «ПрофРесурс» оқу орталығымыздан 124 адам оқып, олардың 96-сын жұмысқа қабылдадық. Бұл пластмассаларды құюшылар мен дәнекерлеушілер, экструдер машинистері, палстикті түйіршіктеу машинистері, автоматтандырылған түрлі машинаны реттегіштер», – деді «ПрофРесурс» оқу орталығының директоры  Татьяна Мишкина.

Айта кетелік, Сергей Королев – «ПрофРесурс» оқу орталығынан білім алып, жаңа қызметке ауысып, еңбекақысын көбейтіп алды.

 «Радуга» компаниясында жұмысымды 2016 жылдан қойма-логистика бөлімінен бастадым. Кейін жарты жыл ішінде басшылар «ПрофРесурс» оқу орталығынан біліктілікті арттыруды ұсынды. Онда үш айлық оқудан өтіп, емтихан тапсырып, сертификатты алдым. Енді жаңа жабдық – флексографиялық машинаның тілін біліп, жұмыс істеп жатырмын. Еңбекақым да жоғарылады, қызметім де ұнайды», – деді «Радуга» ЖШС флексографиялық машинаның операторы Сергей Королев.

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру арқылы жұмысқа ынталандыруда «Радуга» компаниясында баса назар аударылған, бұл әдіс нәтиже көрсетуде.  

 «Разряд жоғыралаған сайын еңбекақы да өседі. Осылайша жылдан жылға қызметкерлеріміздің кәсіби машығын арттырып отырмыз. Ал білікті маман болмаса бірде бір кәсіпорын өркендеп дами алмайды. Биыл қыркүйек айынан бастап оқуға жаңа лекті қабылдаймыз. Қолданыстағы біліктілік түрлеріне тағы төртеу қосуды жоспарлап отырмыз. Зауытқа бояушылар, слесарь-жинаушылар керек, ал құрғақ таңғы астар даярлауға – қаптама дайындайтын машинистер, ағым-автоматты тізбектің операторлары керек. Жыл аяғында жаңа жабдық әкелінеді, сондықтан білікті мамандарды алдын ала дайындап алған жөн.  Ол уақытқа қарай бізге шамамен 70 қызметкер керек болады», – деді Татьяна Мышкина.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер